Компания саясаты туралы

«Өскемен ЖЭО» ЖШС (бұдан әрі - Кәсіпорын) тұтынушылардың қажеттіліктерін өтеуге сапалы және қауіпсіз жылу және электр энергиясын өндіруді іске асыратын энергетикалық ұйым болып табылады.

Кәсіпорынның басым мақсаты болып жоғары үнемділік, өндірістің сенімділігі арқылы біздің тұтынушылардың қанағаттанушылығын жоғарылату, жұмысты қауіпсіз орындау, қызметкерлер мен басқа құзыретті тараптардың өмірі мен денсаулығына төнетін қатерді жою, сондай-ақ, қолайлы қоршаған ортаны сақтау және энергоресурстарды тиімді пайдалану болып табылады.

Осы мақсаты жүзеге асыру үшін Кәсіпорында төрт халықаралық стандарттарға негізделген ISO 9001, OHSAS 18001, ISO 14001, ISO 50001 Интеграцияланған Менеджменттің Интеграцияланған Жүйесі (бұдан әрі - ИМЖ) енгізіліп, «Өскемен ЖЭО» ЖШС -да денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экология және энергоменеджмент салаларында өз қызметін мінсіздендіруге мүмкіндік беретін сапаның менеджмент жүйесі тиімді жұмыс жүргізуде.

polikika

«Өскемен ЖЭО» ЖШС Жоғарғы басшылығы компания жұмысының нәтижелері үшін өзінің тұтынушылар, қызметкерлер және өзге де құзыретті тараптардың алдындығы жауапкершілігін түсіне отырып, МИМЖ салаларында өзіне келесі міндеттемелерді алады:

  • Кез-келген өндірістік қызметте өзіміздің қызметкерлер, мердігер ұйымдары қызметкерлерінің және де кез-келген құзыретті тараптардың қауіпсіздігін бірінші орынға қою;
  • Біздің кәсіпорын жетістіктерінің негізі Тұтынушыларымызбен арамыздағы ұзақ сенімді қарым-қатынастарды орнату және сақтау болып саналатындықтан келісімдік міндеттемелерді сақтау, жылу және электр энергиясының сенімді жеткізіп берушісі болу;
  • ISO 9001, ISO 14001, ISO 50001 және OHSAS 18001 стандарттарының талаптарына сай болатын процестер ретінде қызметпен және тиісті ресурстармен үздіксіз басқаруды ұйымдастыру және қолдау;
  • Қазақстан Республикасыныңның заңнамаларын, менеджмент жөніндегі ISO халықаралық стандарттарын және AES Корпорациясы стандарттарының талаптарын сақтау;
  • Үздіксіз оқыту үрдісін, әр қызметкердің құзіреті мен жалпы мәдениетін жоғарылату үрдісін ұйымдастыру, ішкі және сыртқы тұтынушылардың алдында өз қызметінің сапасына, экология жағдайына, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтуға, энергия үнемдеу және энергия тиімділігінің жауапкершілігін сезіну;
  • ИМЖ-нің нәтижелігін үнемі жақсартуға, қоршаған ортаның ластануын болдырмауға, жарақаттанудың және денсаулықтың нашарлауына жол бермеуге, сонымен қатар тиісті шараларды жоспарлау және өткізу арқылы сапа, экология, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында, энергия үнемдеуде қызмет көрсеткіштерін үнемі жақсартуға ұмтылу;
  • Жобалау саласында үнемі жақсартуларға жетелеп отыратын және энергетикалық сипаттамасы жақсартылған құрылғыларды сатып алуға бағытталған энергоресурстарды тиімді пайдалану бойынша біздің қызметімізге жедел сараптаулар мен энергожобалау жүргізіп отыру;
  • Сапа, экология, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, энергия үнемдеу саласындағы талаптар мен нормаларымен мердігер ұйымдардың өкілдерін таныстыру және олардың мүлтіксіз сақталуын талап ету;
  • ISO стандарттарының талаптары бойынша сапалы менеджмент саласындағы кәсіпорын қызметі туралы қызметкерлер мен қоғам алдында ашық сөйлесу.

Өз жұмысын орындаған кезде Кәсіпорынның, сондай-ақ мердігер ұйымның әрбір жеке қызметкері, өзінің меншік қауіпсіздігі сияқты әріптестері мен тұрғындардың да қауіпсіздігіне жауапты. Осыған байланысты, Кәсіпорын аумағында қызметін атқарып жүрген кез-келген қызметкер кез-келген қауіпсіз емес жұмысты тоқтатуға міндетті.

Кәсіпорынның жоғары басшылығы аталған Саясатты барлық қажетті адами және материалдық ресурстармен қамтамасыз ету бойынша өзіне міндеттеме алады, ал әрбір қызметкер өз құзіреті аясында оны іске асыруға жеке жауап береді.

 

«Өскемен ЖЭО» компаниялар Тобының құрамына кіреді
«Қазақстан коммуналдық жүйелері»