Компания туралы

«Өскемен ЖЭО» ЖШС – Қазақстан Республикасы Шығыс өңіріндегі Өскемен қаласында орналасқан жылу-электр орталығы. Аймақтағы ең ірі жылу-электр станциясы болып табылады.

Кәсіпорынның негізгі қызметі болып табылатын жылу және электр энергиясының өндірісі аралас тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда станцияда 9 қазандық агрегаты мен 8 турбина агрегаты орнатылған.
Кәсіпорындағы негізгі отын түрі – көмір. Қазандық агрегаттарының тамызық отыны - мазут. Отын станцияға «Қаражыра» АҚ мен «Майкөбен-Вест» ЖШС-нен теміржол арқылы жеткізіледі.

Станциямен өндірілген электр және жылу энергиясы қаланың тұрғын-коммуналдық секторының 80% жүктемесін қамтиды. «Казцинк» ЖШС және «ҮМЗ» АҚ сынды ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды жылу энергиясымен жабдықтайды.

2017 жылы Өскемен ЖЭО іске қосылғанына 70 жыл толды. Бүгінгі таңда станцияда 559 адам жұмыс істейді. Қазіргі кезде станци яның белгіленген жылу қуаттылығы - 859,9 Гкал/сағ, белгіленген электр қуаттылығы – 372,5 МВт құрайды.

«Өскемен ЖЭО» компаниялар Тобының құрамына кіреді
«Қазақстан коммуналдық жүйелері»