Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz

Әлеуметтік сала


Өскемен ЖЭО Өскемен қаласының №1 емханасына қайырымдылық көмек көрсетті

2017 ж. 24 мамырда Өскемен ЖЭО Өскемен қаласы №1 емханасының травматология бөлімшесіне терінің ауыр дертіне шалдыққан науқастарды емдеуге арналған арнайы құралды сыйға тартты. Травматология бөлімшесінің меңгерушісі Еркін Дюйсекиннің айтуынша, бұл құрал күйікті емдеу және терінің ойылмауы үшін жасақталған төсектерге жайылып, терісінің беткейі көлемді мөлшерде және қатты күйіп қалған ауыр науқастарды емдеуге, оперциядан кейінгі, көбінесе, кең көлемдегі хирургиялық кірісулер алған науқастарды оңтайландыруға арналған.

Өскемен қаласының №1 емханасы бас дәрігерінің орынбасары Елена Куликова «Қазақстан коммуналдық жүйелері» тобының өкілдеріне осындай құнды сыйлықтары үшін алғысын білдіріп, медициналық мекемеге мұндай қымбат құралды өз тараптарынан сатып алу қиынға соқтыратындығын айта кетті.

«ҚКЖ» тобы әрекет ететін өзге аймақтың тұрғындары бізді әлеуметтік-жауапты құрылым ретінде таниды. Біз әрдайым мұқтаж жандарға қол ұшын созуға талпынамыз және қайырымдылық акцияларын өткізіп тұрамыз.  Әлеуметтік саясат Топ қызметінің маңызды бөлігі болып табылады. Аяушылық білдіру, қайырымдылық жасау, көмекке зәрулерге қолдан келгенше көмек көрсету – бұл қай уақытта да өзекті болып табылатын негізгі құндылықтар екендігіне сенімдіміз – деді Өскемен ЖЭО Бас директоры Андрей Ляпунов.

Құрамына Өскемен ЖЭО кіретін «ҚКЖ» тобы әлеуметтік жауапкершіліктің дамуына зор назар аударады, тұрмысы төмендерге, жетім балаларға, ҰОС ардагерлеріне, ауған жауынгерлеріне және энергетика саласында қызмет еткен еңбек ардагерлері мен зейнеткерлерге көмек көрсетіп, белсенді қайырымдылық қызметті жүзеге асырады. Компанияда жақсы дәстүр қалыптасқан: Жеңіс Күнін мерекелеу қарсаңында жыл сайын Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен энергетиктердің жоғарғы буын өкілдеріне құрмет көрсету. Ардагерлерге азық-түлік қоржыны табысталады, біржолғы материалдық көмек көрсетіледі және электр энергиясын есептеу құралын тегін орнату мүмкіндігі беріледі. Балалар үйін қолдауға да үлкен назар бөлінеді. 2012 жылы «Қазақстан коммуналдық жүйелері» тобының құрамына кіретін қарағандылық компаниялар «Құлыншақ» балалар үйін қамқорлыққа алды, сонымен қатар, қимыл-тірек аппараты бұзылған балалар үшін арнайы «тіршілік бұрышы» кешенін құрды.

Жастардың мәдени даму, өсіп келе жатқан ұрпақтың рухани тәрбиесіне байланысты мәселелер де назардан тыс қалмайды. Сөйтіп, мысалы, 2010 жылы «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС «Шапағат-Қарағанды» әлеуметтік бастамалар қорына жаңа мешіт құрылысына 63 млн. теңге бөлді. Сондай-ақ, «ҚКЖ» тобының көптеген қызметкерлері «Қызыл Жарты Ай» қайырымдылық ұйымы арқылы мұқтаж жандарға өз тараптарынан жеке көмектерін жасап тұрады.

Өскемен ЖЭО Ардагерлер үйіне қайырымдылық көмек көрсетті

2017 жылғы 4 қазанда «Қазақстан коммуналдық жүйелері» тобының «Өскемен ЖЭО» ЖШС «Обитель» Ардагерлер үйіне қысқы отынды тарту етті. Өскемен ЖЭО энергетиктері демеушілік көмек ретінде пешпен жылытылатын бұл әлеуметтік мекемеге 14 тонна жоғары сапалы көмірді суық түспей әкеліп түсіріп берді. 2014 жылдан бастап әрекет етіп келе жатқан «Обитель» Ардагерлер үйі Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Тарханка ауылында орналасқан. Бүгінгі таңда онда 15 егде жастағы адам тұрып жатыр, олардың ішіндегі ең үлкені 92 жаста. Ардагерлер үйінің директоры Галина Пилипенко Өскемен ЖЭО қызметкерлерін қуанышпен қарсы алып, энерегтиктерге көрсеткен көмектері үшін алғысын білдірді.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС Жөндеулер жөніндегі директоры Тоқтар Ақтайлақов ардагерлермен танысты. Әңгімелесу жылы шырайлы, тілектестік қарым-қатынаста өтті. Қарт адамдар өздерінің Ардагерлер үйіндегі тіршіліктері, қызығушылықтары мен зейнет жасына дейінгі кәсіптері туралы айтып берді. Өз кезегінде, Тоқтар Ақтайлақов ардагерлердің өмірлік қажырлылықтарына тәнті болды, әлеуметтік мекемеде жайлылылық пен жан жылулығы сезілетіндігін атап өтті және қарттарға ұзақ ғұмыр тіледі. «Өскемен ЖЭО» ЖШС Жөндеулер жөніндегі директорының айтуынша, энергетиктер Ардагерлер үйіне қуана көмектеседі және ең қақаған аязда мұнда жылы болуына тілектес. Көмірмен тегін жабдықтаумен қатар, Өскемен ЖЭО қызметкерлері ардагерлерге сыйлықтар тарту етті.


Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz