Басшылық
Беимбетов Азамат Аманжолович
«Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры
Беимбетов Азамат Аманжолович 1986 жылғы 18 ақпанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Жоғары техникалық білімі бар. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетін «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша аяқтаған.
- 2023 жылдан бастап құрамына Қарағанды қаласындағы №1 және №3 жылу электр орталықтары кіретін «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС-нің атқарушы директоры қызметін атқарды.
- 2021-2023 жылдары «Арыстан» Building Company» ЖШС бас инженері.
- 2019-2020 жылдары - «Proffstroy Group» ЖШС бас инженері.
- 2017 жылы «Өскемен ЖЭО» ЖШС сатып алу және логистика бөлімін басқарды.
- 2016 жылы «Стодва» ЖШС сатып алу жөніндегі маманы болып жұмыс істеді.
- 2011 жылы - еңбек жолын «Караганда Энергоцентр» ЖШС-де ЖЭО-3 жөндеу жұмыстарын дайындау және жүргізу тобының жөндеу жөніндегі инженері болып бастады. Кейіннен «Караганда Энергоцентр» ЖШС Жөндеу және техникалық дамыту қызметінің турбиналық жабдықтарды жөндеу жөніндегі инженері болып ауыстырылып, бұл позицияда 2016 жылға дейін жұмыс істеді.
Нұғыманов Данияр Тоқтарұлы
«Өскемен ЖЭО» ЖШС атқарушы директоры
Нұғыманов Данияр Тоқтарұлы 1970 жылғы 17 қыркүйекте Абай облысында дүниеге келген. Жоғары техникалық білімі бар. 1992 жылы Өскемен жол-құрылыс институтын үздік бітірген. 1996 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінде кандидаттық диссертациясын қорғап, 1997 жылы Данияр Тоқтарұлына техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
- 2023-2026 жж. - «Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры.
- 2017-2023 жж. - «Өскемен ЖЭО» ЖШС инвестициялық жобалар және күрделі құрылыс жөніндегі директоры («Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниясы).
- 2013-2017 жж. - Қазақстандағы AES компаниялар тобының инвестициялық жобалар және күрделі құрылыс жөніндегі директоры.
- 2011-2015 жж. - «AES Өскемен ЖЭО» ЖШС жөндеу және перспективалық даму жөніндегі директоры.
- 2010-2011 жж. - «AES Өскемен ЖЭО» АҚ жөндеуді дайындау және күрделі құрылыс бөлімінің жетекшісі.
- 2009-2010 жж. - «AES Өскемен ЖЭО» АҚ өндірісті дайындау цехы бастығының орынбасары.
- 2008-2009 жж. - «AES Өскемен ЖЭО» АҚ өндірісті дайындау цехының жетекші құрылыс инженері.
- 2007-2008 жж. - «Востокшахтострой» АҚ жобалау бөлімінің жетекші инженері, «Востокшахтостройпроект» ЖШС бас маманы.
- 2003-2007 жж. - Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің сәулет-құрылыс институтының директоры / факультетінің деканы.
- 2003 ж. - ШҚМТУ Сәулет-құрылыс институты директорының орынбасары.
- 1992-2003 жж. - Өскемен ЖҚИ / ШҚМТУ кафедрасының оқытушы-тағылымдамашысы, ассистенті, аға оқытушысы, доценті.
- 1990-2003 жж. - Өскемен ЖҚИ / ШҚМТУ «БОСКОР» ғылыми-өндірістік зертханасының лаборанты, технигі, инженері, жетекші маманы.
Марапаттары:
- Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығының Құрмет грамотасы, 2011 ж.
- «Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» атағы, 2023 ж.
- «Құрмет» ордені, 2024 ж.
Дёмин Александр Владимирович
«Өскемен ЖЭО» ЖШС техникалық директоры
1986 жылғы 7 сәуірде Өскемен қаласында дүниеге келген. 2018 жылы Өскемен қаласындағы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша тәмамдады. 2009 жылы Өскемен қаласындағы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Тасымалдауды ұйымдастыру, көліктің қозғалысы және пайдалану» мамандығы бойынша бітірді.
- 2023 жылғы 1 ақпаннан бастап «Өскемен ЖЭО» ЖШС техникалық директордың жөндеу жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
- 2017-2023 жылдары «Өскемен ЖЭО» ЖШС техникалық диагностика зертханасының басшысы болды.
- 2016-2017 жылдары «Иртыш Пауэр энд Лайт» ЖШС техникалық диагностика зертханасының бастығы қызметін атқарды.
- 2014-2015 жылдары «ВИЗОЛ» Тау-кен компаниясы» ЖШС директорының орынбасары болды.
- 2013-2014 жылдары «Diagnostika NMK» ЖШС директоры қызметін атқарды.
- 2009-2013 жылдары «Diagnostika NMK» ЖШС өндіріс жөніндегі директордың орынбасары болып жұмыс істеді.
- 2007-2009 жылдары «ЛИК-Диагностика» ЖШС бұзбай бақылау әдістері зертханасын басқарды.
Кәсіби жетістіктері үшін «Өскемен ЖЭО» ЖШС Құрмет грамотасымен (2018 жыл), Қазақстандық энергетикалық қауымдастығының Құрмет грамотасымен (2019 жыл) марапатталған. 2025 жылы Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының «Еңбегі сіңген энергетик» құрметті атағына ие болды.
Асылханов Олжас Тоқтарбекұлы
Инвестициялық жобалар және күрделі құрылыс жөніндегі директор
1988 жылғы 27 қазанда Семей қаласында дүниеге келген.
- 2011 жылы Өскемен қаласындағы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша тәмамдап, бакалавр дәрежесін алды.
- 2008 жылы Өскемен политехникалық колледжін «Станциялар мен қосалқы станциялардың электр жабдықтары» мамандығы бойынша аяқтап, техник-электрик біліктілігін алды.
- 2019 жылдан 2022 жылдың желтоқсанына дейін «Өскемен ЖЭО» ЖШС Жөндеуді дайындау және перспективалық дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
- 2014-2019 жылдары «Өскемен ЖЭО» ЖШС Жөндеуді дайындау және перспективалық дамыту бөлімінің жетекші инженері болып жұмыс істеді.
- 2013-2014 жылдары «Өскемен ЖЭО» ЖШС Электр цехының шебері қызметін атқарды.
- 2012-2013 жылдары «Өскемен ЖЭО» АҚ жоғары кернеулі сынақтар және өлшеулер жөніндегі электр монтері болып еңбек етті.
- 2008-2012 жылдары «Өскемен ЖЭО» АҚ электр машиналарын жөндеу жөніндегі электр слесарі болып жұмыс істеді.
Кәсіби жетістіктері, энергетика саласын дамытуға қосқан үлесі және еңбек қызметіндегі жоғары нәтижелері үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.