Әлеуметтік сала
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz

Әлеуметтік сала


«Өскемен ЖЭО» ЖШС жыл сайын 30-ға жуық әлеуметтік акцияны жүзеге асырады.

Донор күні

«Өскемен ЖЭО» ЖШС қызметкерлері корпоративтік азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісі болып табылады.

Жылына екі рет «Өскемен ЖЭО» ЖШС аумағында қан донорларын қабылдайтын медициналық пункт ұйымдастырылады. Акцияға 100-ге жуық адам қатысады.

«Донор күні» - бұл тек қана қан тапсыру емес, сонымен қатар ынтымақтастық пен өзара көмектің символы.


Ардагерлер үйіне көмір

Бұл акция жыл сайынғы игі дәстүрге айналды. Жылыту маусымы басталар алдында Өскемен ЖЭО мемлекеттік емес мекемелерге көмір бөледі: Тарханка ауылындағы Ардагерлер үйі, Жаңа Согра кентіндегі «Добрый феникс» ардагерлер үйі, «Үміт сәулесі» әлеуметтік бейімдеу орталығы.


Балаларға арналған мерекелер мен сыйлықтар

Маусым, тамыз және желтоқсан айларында жыл сайын қызметкерлердің балалары үшін Балаларды қорғау күні, бірінші сынып оқушыларына арналған Білім күні мерекесі ұйымдастырылып, әрқайсысына жаңа жылдық сыйлық сатып алынады.

Әлеуметтік осал топтардағы балаларға жаңа оқу жылының басталуына және Жаңа жылға орай мүмкіндігінше көмек көрсетіледі.


Ардагерлерді құттықтау

Жеңіс күні қарсаңында станция қызметкерлері кәсіпорында бұрын жұмыс істеген ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін жыл сайын құттықтайды: азық-түлік себеттері мен ақшалай сыйлықтарды мекенжайларына жеткізіп береді, 2026 жылдан бастап кәсіпорын басшылығының жеке алғыс грамоталарын табыстайды.


Қарттар күні

Жыл сайын станция кәсіпорынның 150-ге жуық зейнеткерін қарсы алады - «Өскемен ЖЭО» ЖШС Бастамашыл тобы концерт пен мерекелік дастархан ұйымдастырып, ақшалай сыйлықтар табыстайды.


Қамқорлыққа алынған хоккей қорабына көмек

Өскемен қаласының №7 мектебі жанындағы кәсіпорын жыл сайын мұз айдынын жаңартуға көмектеседі. 2025 жылы станция мұз айдынын жарықтандыру үшін екі жарықдиодты прожектор сатып алды. 2026 жылы мұз айдынын құю үшін кабель сатып алып, табыстады. Кәсіпорын қызметкерлері мен олардың отбасылары «Ульбинка» хоккей клубының тәрбиеленушілерімен бірдей мұз айдынына бара алады.


Опытное поле кентіне көмек

«Өскемен ЖЭО» ЖШС бірнеше жылдан бері Опытное поле кентіне қолдан келгенше көмек көрсетіп келеді.

2024 жылы кәсіпорын хоккей алаңын қалпына келтіру үшін қаражат бөлді. 2025 жылы – Опытное поле орта мектебінің терезелерін ішінара ауыстырды, сондай-ақ жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізді.

2026 жылы станция кенттің пошта бөлімшесіне құрылыс материалдарымен көмектесті. Көмек акциясына ЖЭО қызметкерлері де қатысып, жаңа мектеп аумағында ағаш көшеттерін сатып алып, отырғызды.


Көгалдандыру және сенбіліктер

Жыл сайын станция Өскемен қаласының аумағында жасыл желектерді сатып алып, отырғызуды ұйымдастырады. Белсенді жұмысшылар қалалық сенбіліктерге және Үлбі мен Ертіс өзендерінің жағалауларын тазарту акцияларына қатысады.


Бастамашыл топтың көмегі

Жыл сайын өз бастамаларымен кәсіпорынның бей-жай қарамайтын қызметкерлері қаланың көмек сұраған тұрғындарына жеке көмек көрсетеді. 2026 жылы кәсіпорын жастары балалар үйі мен сәбилер үйіне жұмсақ кресло-дивандар, тұрмыстық техника сатып алып табыстады. Қажеттілікке қарай жеке үйлерде тұратын кәсіпорын зейнеткерлерінің аулаларын қардан тазарту жұмыстарына шығады.


Техникалық көмек

2026 жылы станция Степное кентіне балалар волейбол алаңын ұйымдастыруға көмектесті: аумақты абаттандыру үшін арнайы техника бөлді.


Балалар сурет байқауының демеушілігі

Кәсіпорын жыл сайын «Таза болса табиғат - аман болар адамзат» республикалық сурет байқауының жүлделі орындарының демеушісі болып келеді.


ШҚО энергетика ардагерлерінің кеңесін қолдау

Станция жыл сайын «ШҚО энергетика ардагерлері кеңесі» қоғамдық бірлестігінің жұмысына көмек көрсетеді.


Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2026 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz