Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz

Еңбекті қорғау


Қызметкерлердің өмірлері мен денсаулықтарының басымдылығы «Өскемен ЖЭО» ЖШС негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Кәіспорынның негізгі міндеті – станция мен мердігерлік ұйым қызметкерлерімен жазатайым оқиғалардың болмауы.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС басшылығы өзіне экология, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қаматамасыз ету саласындағы міндеттемелерді алады:

  • Біз станция мен мердігерлік ұйым қызметкерлерінің қауіпсіздігін бірінші орынға қоямыз.
  • Біз Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтаймыз және қызметкерлердің қауіпсіздік мәдениетін арттырып, үнемі оқыту қолдаймыз.
  • Біз қоршаған ортаның жағдайын қорғауға талпынып, әр қызметкердің денсаулығын қолдаймыз.
  • Біз кәсіпорынның экология, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қаматамасыз ету саласындағы қызметі туралы ашық айтамыз.

Еңбек қауіпсіздігінің жүйесі:

  • Еңбек қауіпсіздігі және станция аумағында мас күйінде болу фактілері бойынша бұзушылықтарға нөлдік шыдамдылық саясаты;
  • Алдын алу қауіпсіздігі – әр жұмыс кезеңін сапалы зерттеу, әр жұмыс кезеңіндегі ықтимал және іс жүзіндегі қауіптіліктерді анықтау мен қауіптілікті азайту, жою және бақылау үшін шараларды белгілеу мақсатында жұмыс қауіпсіздігін талдау бланкын пайдалану;
  • От жұмыстарының, биіктікте жұмыс істеу, ЖКҚ, жабық кеңістіктер және т.б. чек-парақтары;
  • 1C:SafetyWalk – ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы жүріп қарауларды тіркеу бағдарламасы. Кәсіпорын қызметкерлерімен жүріп қарауды жүргізу үрдісі, сонымен қатар, қол жеткізілген нәтижелер бригадалардың жұмыс орындарындағы қауіпсіз емес әрекеттер мен жағдайларды анықтау және анықталған бұзушылықтарды есепке алу үшін Safety Walk тіркеу бағдарламасына енгізіледі;
  • Құралдардың кездейсоқ немесе өздігінен ашылуын болдырмау үшін бекітуге арналған LOTO жүйесін қолдану, ауыстыру бланктары бойынша жұмыстарды жүргізу;
  • Ай сайынғы ҚТ және Экология күндерін өткізу;
  • ҚТ және ҚОҚ бойынша апта сайын ақпараттық бюллетендер шығару;
  • «Жұмыс/қызметтерді қауіпсіз орындаудың міндетті шарттары» шартына қосымша, соның негізінде мердігерлік ұйымдарға айыппұл санкциялары түрінде претензиялар қойылады.

Сертификаттау

  • Кәсіпорын ISO 9001 сапа менеджменті, ISO 14001 экологиялық менеджмент және ISO 45001 еңбек қауіпсіздігі жүйесіне сәйкестігіне сертификатталған..

Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz