«Өскемен ЖЭО» ЖШС – Қазақстан Республикасы Шығыс өңіріндегі Өскемен қаласында орналасқан жылу-электр орталығы. Аймақтағы ең ірі жылу-электр станциясы болып табылады.
Кәсіпорынның негізгі қызметі болып табылатын жылу және электр энергиясының өндірісі аралас тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда станцияда 9 қазандық агрегаты мен 8 турбина агрегаты орнатылған.
Кәсіпорындағы негізгі отын түрі – көмір. Қазандық агрегаттарының тамызық отыны - мазут. Отын станцияға теміржол арқылы жеткізіледі.
Станциямен өндірілген қаланың тұрғын-коммуналдық секторының 80% жүктемесін қамтиды. Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды жылу энергиясымен жабдықтайды.
2017 жылы Өскемен ЖЭО іске қосылғанына 70 жыл толды. Бүгінгі таңда станцияда 560 адам жұмыс істейді. Қазіргі кезде станцияның белгіленген жылу қуаттылығы - 859,9 Гкал/сағ, белгіленген электр қуаттылығы – 372,5 МВт құрайды.
04.02.23 - 06.02.23 ж. жағдай бойынша жылу қуатының резервтері, бос және қолжетімді жылу қуаттары жоқ. «Өскемен ЖЭО» ЖШС теңгерімінде беру және тарату желілері жоқ, өндірілген жылу энергиясы станцияның 2хДу-800 екі тік жылу коллекторынан тікелей жіберіледі.
Электр қуаты туралы ақпарат, МВт: |
Күні |
Законтрактовано |
Орталықтандырылған сауда-саттықта сату жоспарлануда |
Желіге жіберу үшін еркін |
04.02.2023 |
271.95 |
0 |
0 |
05.02.2023 |
271.95 |
0 |
0 |
06.02.2023 |
271.95 |
0 |
0 |