Экология
«Өскемен ЖЭО» ЖШС, Өскемен қаласының тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорны бола тұра, сенімді жылумен жабдықтау, өндірістің экологиялық қауіпсіздігі және әлеуметтік жауапкершілік арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды деп санайды.
Кәсіпорында ISO 14001 халықаралық стандартына сай экологиялық менеджмент жүйесі ендірілген және қызмет етеді, «Русский Регистр» қауымдастығының сертификаттауымен расталған.Өндірістік экологиялық бақылау ҚР СТ ИСО/МЭК 17025–2007 стандартының талаптарына сәйкес Ұлттық Аккредиттеу орталығымен аккредиттелген санитарлық-өнеркәсіптік зертханасымен жүзеге асырылады.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС қоршаған ортаға эмиссияларды ҚР Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетімен берілген эмиссияларға рұқсаттың негізінде жүзеге асырады. «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нде ҚР Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетімен келісімделген Қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспары іске асырылуда. Кәсіпорында ҚР Энергетика министрлігінің 24.11.2016 ж. №155 бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес жылу энергетика саласындағы ең үздік қол жетімді экологиялық технологиялар ендірілген.
Атмосфералық ауаны қорғау
Күл мен күкірттің еселенген тотығының шығуын ұстау мақсатында станцияның барлық қазандықтары «эмульгатор» типтес тиімді заманауи күл ұстағыштарымен жабдықталған. Атмосфераға азот тотығының шығарылуын төмендету үшін қазандықтардың оттықтарында олардың түзілуін басу бойынша технологиялық әдістер қолданылады. Соның ішінде: отынды сатылы жағуды ұйымдастырумен жоғары қысымдағы қазандықтарда төменгі үрлеу жүйесі; төмен эмиссиялық жанарғыларды қолдану; жоғары концентрациядағы шаңды (ЖКШ) беру технологиясы. Атмосфералық ауаны қорғау бойынша шаралар кешенін орындау «Жылу-электр станцияларының қазандық қондырғыларында әр түрлі отын түрлерін жаққанда қоршаған ортаға эмиссияларға қойылатын талаптар» техникалық регламентімен белгіленген нормативтерге сәйкестенуге мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасында ҚР «Жасыл экономикаға көшу» тұжырымының іске асыруына байланысты бірқатар шаралар парниктік газдардың атмосфераға шығарылуының төмендетілуіне бағытталған.
Су ресурстарын қорғау
«Өскемен ЖЭО» ЖШС-нде су ресурстарына әсер етуді төмендету бойынша шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылды. 2005 жылдан бастап ластанған ағын суларының Ертіс өзеніне тасталуы күлді сумен жою айнымалы жүйесінің пайдалануға енгізілуі арқылы толығымен тоқтатылды. 2012 жылы градирнямен техникалық сумен жабдықтау айнымалы жүйесі пайдалануға енгізілді, бұл Үлбі өзенінде жылумен алмасу суларының нормативтік-таза тасталуын қысқартып, су ресурсын тиімді пайдалану мүмкіндігін туғызды.
Кәсіпорынның өнеркәсіптік алаңшасында нөсерлі ағын суларын тазарту бойынша үш жергілікті тазарту құрылысы қолдануға енгізілді. 2016 жылдан бастап өнеркәсіптік алаңшасын нөсерлі ағын суларынан тазартуды ұйымдастыру жобасының жүзеге асырылуының арқасында нөсерлі ағын суларының Үлбі өзеніне тасталуы жоққа шығарылды.
Өндіріс қалдықтарын басқару
Кәсіпорында өндіріс қалдықтарын басқару бағдарламасы әзірленген. 2005 жылдан бастап барлық экологиялық талаптардың сақталуымен салынған күл үйіндісіне күл-қоқыс қалдықтарын қауіпсіз орналастыру қамтамасыз етілген. Күл үйіндісі құрылыс материалдар комбинатының өңделген саз карьерінде заманауи технологиялар бойынша салынған. Өңделген карьерді күл-қоқыспен толтыру оның құнарлығын калпына келтіру болып табылады. Осы карьерді пайдалану бойынша қабылданған шешім биліктің орындаушы органдары мен бизнестің өзара әрекеттесуінің үздік үлгісі болып табылады.
Металлоломды, құрал-жабдықтарды және өнеркәсіптік қалдықтарды сақтау алаңшалары экологиялық талаптарға сай құрылған. Қалған қалдықтардың барлығы арнаулы ұйымдармен жасасқан шарттардың негізінде шығарылады.
Алдын алу іс-шаралары, бастамалар.
- Үлбі өзеніне ағын сулары тасталатын біріктірілген жерде мұнай өнімдері түсуінің алдын алу үшін бондық қоршау орнатылған;
- топырақ пен жер асты сулары ластануының алдын алу мақсатында мұнай өнімдерін сақтау резервуарлары екіншілік қорғаумен қамтылған;
- өндірістік бөлімшелерде болуы мүмкін төгілулердің алдын алу мен жою бойынша жиынтықтар сатып алынған.
«Макулатура жина – мәдениетіңді көрсет!» акциясы тұрақты негізде өткізіліп тұрады. Кәсіпорын аумақты және санитарлық-қорғау аумақтарын көгалдандыру жұмыстарын жиі өткізіп, қалалық сенбіліктер мен экологиялық акцияларға қатысады.
Корпорациялық оқыту орталығында мердігерлік ұйымдардың персоналы үшін экологиялық талаптарға оқыту ұйымдастырылған.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мәліметтілікті арттыру үшін, кәіспорын мен мердігерлік ұйымдардың персоналының қатысуымен, ай сайын «ҚТ және экология» күні өткізіледі.
Серіктестіктер мен жетістіктер
- «Қазақстандық табиғат пайдаланушылардың орнықты даму үшін қауымдастығы» (ҚТПОДҚ) заңгерлік тұлғалар бірлестігімен,
- Қазақстандық электр энергетикалық қауымдастығымен,
- ШҚО Кәсіпкерлері палатасымен,
- ШҚО Жұртшылық кеңесімен.
2014 жылы «Өскемен ЖЭО» ЖШС Қазақстандық табиғат пайдаланушылардың орнықты даму үшін қауымдастығының тұрақты даму қағидаларына бейілділігі үшін марапатталды. 2016 жылы «Өскемен ЖЭО» ЖШС Республикалық «ПАРЫЗ» сайысының қорытындысы бойынша «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында ШҚ облысындағы үздік кәсіпорын болып танылды.