Компания саясаты туралы
«Өскемен ЖЭО» ЖШС сапа, экология, энергоменеджмент, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы интегралды Саясаты
«Өскемен ЖЭО» ЖШС (бұдан әрі - Кәсіпорын) тұтынушылардың қажеттіліктерін өтеуге сапалы және қауіпсіз жылу және электр энергиясын өндіруді іске асыратын энергетикалық ұйым болып табылады.
Кәсіпорынның басым мақсаты болып жоғары үнемділік, өндірістің сенімділігі арқылы біздің тұтынушылардың қанағаттанушылығын жоғарылату, жұмысты қауіпсіз орындау, қызметкерлер мен басқа құзыретті тараптардың өмірі мен денсаулығына төнетін қатерді жою, сондай-ақ, қолайлы қоршаған ортаны сақтау және энергоресурстарды тиімді пайдалану болып табылады.
Осы мақсаты жүзеге асыру үшін Кәсіпорында төрт халықаралық стандарттарға негізделген ISO 9001, ISO 45001, ISO 14001, ISO 50001 Интеграцияланған Менеджмент Жүйесі (бұдан әрі - ИМЖ) енгізіліп, «Өскемен ЖЭО» ЖШС -да денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экология және энергоменеджмент салаларында өз қызметін мінсіздендіруге мүмкіндік беретін сапаның менеджмент жүйесі тиімді жұмыс жүргізуде.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС Жоғарғы басшылығы кәсіпорын жұмысының нәтижелері үшін өзінің тұтынушылар, қызметкерлер және өзге де құзыретті тараптардың алдындығы жауапкершілігін түсіне отырып, ИМЖ салаларында өзіне келесі міндеттемелерді алады:
- командада жұмыс істейтін жоғары кәсіби мамандар - пікірлестердің топтасқан ұжымын сақтау және үнемі дамыту;
- өндірістік қызмет кезінде қоршаған ортаның ластануын қорғау және болдырмау, қауіптерді жою, сапа, экология, энергия менеджменті, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қауіптерді бағалау және төмендету;
- жылу және электр энергиясын сенімді жеткізуші болу, шарттық міндеттемелерді сақтау, өйткені табыстың негізін біз Тұтынушыларымызбен ұзақ мерзімді сенімді қарым-қатынастарды құрудан және сақтаудан көреміз;
- ISO 9001, ISO 45001, ISO 14001 және ISO 50001 стандарттарының, Қазақстан Республикасының ішкі нормативтік құжаттары мен заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес қызметті үздіксіз басқаруды ұйымдастыру және қолдау, қабылданған міндеттемелерді орындау;
- үздіксіз оқыту үрдісін, әр қызметкердің құзіреті мен жалпы мәдениетін жоғарылату үрдісін ұйымдастыру, ішкі және сыртқы тұтынушылардың алдында өз қызметінің сапасына, экология жағдайына, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтуға, энергия үнемдеу және энергия тиімділігінің жауапкершілігін сезіну;
- ИМЖ-нің нәтижелілігін ұдайы жақсартуға, арттыруға, қоршаған ортаның ластануын болдырмауға, жарақаттар мен денсаулық жағдайының нашарлауын болдырмауға, сондай-ақ сапа, экология, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, энергия үнемдеу саласындағы қызмет көрсеткіштерін үнемі жақсартуға ұмтылу;
- кәсіпорынды оңтайландыру жолдарын анықтау үшін оның қызметіне энергетикалық жоспарлау, жүйелі және жедел талдау жүргізу;
- кәсіпорынның барлық қолда бар ресурстарын барынша тиімді пайдалану
- сапа, экология, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, энергия үнемдеу саласындағы талаптар мен нормаларымен мердігер ұйымдардың өкілдерін таныстыру және олардың мүлтіксіз сақталуын талап ету;
- қызметкерлермен, әріптестермен, жұртшылықпен және басқа да мүдделі тараптармен, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сапа, экология, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, энергия үнемдеу мәселелері бойынша ашық диалогты қолдау.
Өз жұмысын орындаған кезде Кәсіпорынның, сондай-ақ мердігер ұйымның әрбір жеке қызметкері, өзінің меншік қауіпсіздігі сияқты әріптестері мен тұрғындардың да қауіпсіздігіне жауапты. Осыған байланысты, Кәсіпорын аумағында қызметін атқарып жүрген кез-келген қызметкер кез-келген қауіпсіз емес жұмысты тоқтатуға міндетті.
Кәсіпорынның жоғары басшылығы аталған Саясатты барлық қажетті адами және материалдық ресурстармен қамтамасыз ету бойынша өзіне міндеттеме алады, ал әрбір қызметкер өз құзіреті аясында оны іске асыруға жеке жауап береді.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС
бас директоры Д.Т. Нугуманов