Өскемен ЖЭО - «Парыз» байқауының Еңбекті қорғау және Экология саласындағы жеңімпазы
30 қыркүйекте «Парыз - 2025» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Өскемен ЖЭО Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» және «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымдары бойынша бірден екі номинацияда жеңімпаз атанды. Бұл номинациялар экологиялық қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жоғары деңгейін, кәсіпорынның сенімділігі мен әлеуметтік жауапкершілігін растайды.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапанов дипломды бас директор Данияр Тоқтарұлына табыс етіп, өңірді жылумен қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Станцияны құттықтаймыз, оған өркендеу мен сенімді әрі қауіпсіз жұмыс тілейміз!