Жас инженер Өскемен ЖЭО-да еңбек әулетін жалғастыруда
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2025/02.05.25/02_05_25.jpg

Жас инженер Өскемен ЖЭО-да еңбек әулетін жалғастыруда

| Жаңалықтар

Өскемен ЖЭО Инженерлік-жобалау қызметінің электр жабдықтары жөніндегі инженері Михаил Осадчий еңбек әулетін жалғастыра отырып, станцияда 8 жыл бойы еңбек етіп келеді.

Оның әкесі, Евгений Осадчий, бұл кәсіпорында шамамен 30 жыл жұмыс жасаған. Михаил Осадчий Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің түлегі. Ол «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша магистратураны үздік бітірген, сонымен қатар релелік қорғаныс және автоматика саласында кәсіби тәжірибесі бар.

Жас маман бастамашылдығымен, жауапкершілігімен және позитивті көзқарасымен ерекшеленеді. Михаил Өскемен ЖЭО-да жүзеге асырылатын көптеген жобаларға белсенді қатысады. «Кайдзен» бағдарламасы аясында ол 50-ден астам ұсыныс енгізіп, олардың 24-і сәтті жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта станцияны кеңейту бойынша ірі жобаның жұмысына қатысуда.

Кәсіби жетістіктері үшін бірнеше марапатқа ие болған, оның ішінде шеберлігі мен кәсіпорынның дамуына қосқан үлесі үшін алған құрмет грамоталары да бар. Бос уақытында Михаил отбасына - жұбайы мен кішкентай ұлына көңіл бөледі. Сонымен қатар ағылшын тілін үйреніп, салауатты өмір салтын ұстанады – бассейнге барып, автокөлік техникасына қызығушылық танытады.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

© 1947-2025 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz