
Өскемен ЖЭО қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты
2025 жылғы 31 мамырда, қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында және «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Өскемен ЖЭО» ЖШС ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Сенбілік Өскемен қаласының шетінде, Глубокое ауданына қарасты Шмелев Лог ауылы маңында өтті. Қаланың ірі кәсіпорындарынан және экологиялық бастамашыл топтардан жиналған 300-ге жуық адам аумақты құрғақ бұтақтар мен тұрмыстық қалдықтардан тазартып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.
«Өскемен ЖЭО» жастары жыл сайын өңірде ұйымдастырылатын экологиялық акцияларға белсенді түрде қатысып келеді. Бұл кәсіпорынның еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы корпоративтік құндылықтарына адалдығын дәлелдейді.