Өскемен ЖЭО-да балаларға арналған мерекелік күн өтті
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
images/news/2025/02.06.25/2/02_06_25.jpg

Өскемен ЖЭО-да балаларға арналған мерекелік күн өтті

| Жаңалықтар

30 мамыр күні Өскемен жылу электр орталығында кәсіпорын қызметкерлерінің балаларына арналған ерекше шара ұйымдастырылды.

Балалар үшін бұл күн жаңа әсерлерге, қызықты кездесулер мен қуанышты сәттерге толы болды. Іс-шара қауіпсіздік техникасы бойынша шағын нұсқаулықтан басталды. Кейін олар Өскемен ЖЭО музейіне барып, жылу электр орталығының тарихымен, жұмыс істеу принциптерімен танысты.

Мерекенің басты бөлігі «Біз – энергетиктердің баласымыз!» атты сурет және эссе байқауын қорытындылауға арналды. Биыл қатысушы балалардың саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Балалар ата-аналарына деген сүйіспеншілігін сурет пен шығармашылық жұмыстары арқылы жеткізді. Байқау нәтижесінде 70 жұмыс келесі номинациялар бойынша марапатталды: « Кәсібилік үшін», « Шығармашылық үшін», «Жарқын бояулар үшін», « Үлкен талпыныс үшін».

Шара соңында балалар аниматорлармен бірге көңіл көтеріп, тәттілерден дәм татып, қуанышқа кенелді. Бұл күн олар үшін ұмытылмас естелікке айналды деп сенеміз!



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

© 1947-2025 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz