Өскемен ЖЭО ардагер энергетиктерді Халықаралық қарттар күнімен құттықтады
1 қазанда Өскемен ЖЭО (Жылу-электр орталығы) өзінің бұрынғы әріптестерін — энергетика саласының ардагерлерін Халықаралық қарттар күнімен құттықтады.
Кәсіпорын өкілдері ардагерлерге көп жылғы адал еңбегі, кәсібилігі және кәсіпорынның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Бұл кездесу ортақ тарихты еске алуға, аға буынға құрмет көрсетуге және Өскемен ЖЭО-ның компанияның іргетасы қаланған кезден бастап еңбек еткен, сондай-ақ өз тәжірибесін энергетиктердің кейінгі буынына табыстаған жандарды қаншалықты жоғары бағалайтынын атап өтуге мүмкіндік берді.
Біз аға буын өкілдеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасылық амандық тілейміз!