«ӨСКЕМЕН ЖЭО» ЖШС ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ӨНДІРУ БОЙЫНША ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖӘНЕ ТАРИФТІК СМЕТАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ ЕСЕПТЕРІН ҰСЫНДЫ
2024 жылғы 29 сәуірде «Өскемен ЖЭО» ЖШС мәжіліс залында ZOOM бейнеконференцбайланысы арқылы 2023 жылғы 1 ақпаннан бастап 2024 жылғы 31 қаңтарға дейінгі кезеңде инвестициялық бағдарламаның және тарифтік сметаның орындалуы туралы есептердің жария тыңдауы өтті.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС Бас директоры Данияр Нұғыманов қатысушыларға кәсіпорын туралы жалпы ақпаратты ұсынып, жылу энергиясын өндіру бойынша тарифтік сметасының және инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есеп www.uktets.kz сайтында жарияланғаны туралы айтып өтті.
Тарифтер жөніндегі бас маман Ирина Киняпина тыңдаушыларды жылу энергиясын өткізу көлемі мен қолданыстағы тарифтер, тұтынушылармен жұмыс, жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметтің қаржылық көрсеткіштері туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Сондай-ақ бекітілген тарифтік сметаның орындалуы және реттелетін қызмет түрі бойынша негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштер туралы айтып берді.
01.02.2023-31.01.2024 жж. аралығында 45 тұтынушы – заңды тұлғалармен жылу энергиясын беруге шарттар жасалды. Тікелей «Өскемен ЖЭО» ЖШС-не 6 тұтынушы қосылған, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ желілері арқылы 34 тұтынушы, ал «Казцинк» ЖШС желілері арқылы 5 тұтынушы қосылған.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС өндіретін жылу энергиясының негізгі тұтынушысы «Өскемен жылу желілері» АҚ болып табылады – жалпы тұтынудың 83,4%, ал 16,6% индустриялық секторға, оның ішінде «Үлбі металлургия зауыты» АҚ және «Казцинк» ЖШС сияқты ірі қала құраушы кәсіпорындарға тиесілі.
Жөндеуді дайындау және перспективалық даму бөлімінің басшысы Олжас Асылханов 01.02.2023-31.01.2024 жж. аралығындағы кезеңде бекітілген Инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы баяндады.
Уақытылы жүргізілген іс-шаралар мен инвестициялардың арқасында Өскемен ЖЭО тұтынушыларды жылу энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына сапалы және уақтылы дайындалды.