Жас энергетиктер дипломдарын алды
«Қазақстандық коммуналдық жүйелер» компаниялар тобының құрамына кіретін «Өскемен ЖЭО» ЖШС Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті түлектеріне дипломдарды салтанатты түрде табыс ету рәсіміне қатысты.
Биылғы жылы «Өскемен ЖЭО» Корпоративтік оқыту орталығының базасындағы ШҚТУ филиалында өндірістік оқытудан өтіп, біздің командамыздың бір бөлшегіне айналып үлгерген болашақ жылу энергетиктерінің диплом алуының мәні ерекше.
Салтанатты шараға «Өскемен ЖЭО» ЖШС Корпоративтік оқыту орталығының жетекшісі Наталья Слабодчикова қатысты. Ол түлектерді құттықтай отырып, оларға кәсіби батылдық, үздіксіз даму және энергетика саласында сәтті жол тіледі.
ҚКЖ компаниясы үшін жас мамандарды даярлау — бұл саланың болашағына құйылған инвестиция. Бүгіннің өзінде түлектер аймақтың мыңдаған тұрғынын күн сайын жылумен және жарықпен қамтамасыз етіп отырған энергетиктердің үлкен командасының мүшесі атануда.
Түлектерді өмірлеріндегі маңызды белеспен құттықтаймыз! Алған білімдеріңіз жаңа кәсіби жетістіктер үшін берік іргетасқа айналсын, ал энергетика саласы шын жүректен мақтануға тұрарлық ортақ ісіңіз болсын.