Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2024/03.06.2024/2.jpeg

Өскемен ЖЭО қызметкері «Сенім» республикалық байқауында 1 орынға ие болды

| Жаңалықтар

2024 жылғы 29-31 мамырда Астана қаласында «KIOSH» еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі 12-ші Қазақстандық халықаралық конференция мен көрмесі аясында «Сенім» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, олардың арасында Өскемен ЖЭО өндірістік бақылау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің жетекші инженері Сырым Өмірзақов болды.

Іс–шараны жыл сайын «ХҚЭДО-Қазақстан» ЖШС Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының қолдауымен өткізеді. Байқау қорытындысы бойынша Сырым Өмірзақов Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Әділұлы Сарбасовтың атынан «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі Үздік инженер» атағы мен 1-орын дипломымен марапатталды.

Қызметкерлердің жетістіктері әрқашан Өскемен ЖЭО корпоративтік саясатының тиімділігінің дәлелі болып саналса, ал қызметкерлердің өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығы кәсіпорынның негізгі қағидаты болып табылады.

- Кәсіпорынның әрбір қызметкері қауіпсіздіктің жоғары деңгейін ұстап тұру үшін қандай қадамдар жасау керектігін біле отырып, қауіпсіздік мәдениетін жақсарту процесіне қатысуы маңызды. Біздің кәсіпорын қауіпсіздік стандарттарын қатаң түрде ұстанады. «Сенім» байқауындағы жеңіс менің жеке жетістігім ғана емес, Өскемен ЖЭО ұжымының еңбегі,-деп атап өтті Сырым Өмірзақов.

«Сенім» Республикалық Байқауы сияқты іс-шараларға қатысу талантты мамандарды анықтап қана қоймай, олардың жетістіктерін атап өтуге, сонымен қатар еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы идеялар мен үздік тәжірибелермен алмасуға мүмкіндік береді. Мұндай бастамалар кәсіпорындардағы қауіпсіздік мәдениетін үнемі жақсартуға және әрбір қызметкердің кәсіби әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Сырым Өмірзақовты лайықты жеңісімен құттықтаймыз және оған Өскемен ЖЭО игілігі үшін кәсіби қызметінде жаңа табыстар, шабыт және шығармашылық жетістіктер тілейміз!



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz