Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2024/03.10.2024/eeeff0cf-2342-486d-9f3e-2ca63d035dec.jpeg

Өскемен ЖЭО бас экологы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінен алғыс хат алды

| Жаңалықтар

2024 жылғы 1 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Экология департаментінің алаңында Халықаралық қарттар күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті

Мереке аясында 20 жылдан астам өмірін өңірдің қоршаған ортасын қорғауға арнаған экология ардагерлеріне ерекше көңіл бөлінді.

Өскемен ЖЭО бас экологы Марина Николаевна Стрельцова Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы Мансур Ошурбаев қол қойған алғыс хатқа ие болды. Бұл жоғары танылу оның өңірдің экологиясы мен биологиялық әралуандығын сақтау жолындағы көпжылдық еңбегінің дәлелі болды..

Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Азамат Тауырбеков құттықтау сөзінде ардагерлердің Қазақстанның экологиялық заңнамасын әзірлеуге және халық арасында экологиялық мәдениетті дамытуға қосқан үлестерін ерекше атап өтті.

Біз әріптесімізді және оның қоршаған ортаны қорғау ісіне деген адалдығын мақтан тұтамыз. Оның жұмысы - өңірдің тұрақты дамуына және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан маңызды үлесі.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz