Бүкіләлемдік экология күні қарсаңында Өскемен ЖЭО-ға студенттер экскурсиямен келді
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
images/news/2025/04.06.25/04_06_25.jpg

Бүкіләлемдік экология күні қарсаңында Өскемен ЖЭО-ға студенттер экскурсиямен келді

| Жаңалықтар

2025 жылғы 29 мамырда Өскемен ЖЭО-ға студенттер, мұғалімдер, ШҚО Экология департаменті мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келді.

Экскурсия Корпоративтік оқыту орталығынан (КОО) басталды. Қонақтар энергетика саласындағы кадрлар даярлау жүйесімен және өнеркәсіптік білім беру шеңберінде экологиялық стандарттарды енгізу тәжірибесімен танысты. КОО жетекшісі Наталья Слабодчикова персоналдың, мердігерлер мен студенттердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге, еңбекті қорғау және экологиялық тұрақты құзыреттерді дамытуға бағытталған оқу бағдарламалары туралы баяндап берді.

Кәсіпорынның бас экологы Марина Стрельцова кәсіпорындағы қоршаған ортаны қорғауға бағытталған үздік қолжетімді технологиялар, алдын алуға арналған шаралар туралы мазмұнды таныстырылым жасады.

Қатысушылар санитарлық-өндірістік зертхананы ерекше қызығушылықпен аралап көрді. Зертхана жетекшісі Гүлзана Шафигуллина қоршаған орта сапасын бақылау әдістері мен құралдары туралы айтып берді.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша оқитын бакалавриат және магистратура студенттерінен құралған үш топтың өкілдері мен олардың оқытушылары Өскемен ЖЭО ұжымына мазмұнды экскурсия мен құнды мәліметтер үшін шынайы алғыстарын білдірді.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

© 1947-2025 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz