Құйынды токтар және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің болашағы: «Өскемен ЖЭО» ЖШС мамандарының профессор Bergander Marek-пен кездесуі
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында профессор, хабилитация докторы Bergander Marek (PE, АҚШ) қатысуымен металдарды бұзбайтын бақылау бойынша техникалық семинар өтті.
Іс-шара барысында профессор заманауи жабдықтарды таныстырып, металл құрылымдарын диагностикалау, ақауларды анықтау және өнеркәсіптік жабдықтардың сенімділігін арттыру үшін құйынды токтар әдісін қолдану туралы айтып берді.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС қызметкерлері - Бауыржан Қалиев, Павел Евсеев және Дәулет Нұрғұмаров семинарға қатысып, ұсынылған шешімдердің практикалық маңыздылығын және оларды өндірістік процестерге енгізу мүмкіндіктерін атап өтті.
Мұндай кездесулер білім беру мекемелері мен өнеркәсіптік кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ инженерлік құзыреттерді дамытуға және «Өскемен ЖЭО» ЖШС нысандарында заманауи технологияларды қолдануға ықпал етеді.