Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2024/04.09.2024/IMG_9319.jpg

Өскемен ЖЭО техникалық директоры «Өскемен қаласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» медалімен марапатталды

| Жаңалықтар

Конституция күні мен қала күні қарсаңында Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қаланың дамуына елеулі үлес қосқан және оны өзінің еңбек жетістіктерімен дәріптейтін азаматтарға медальдар табыс етті.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС техникалық директоры Нурлан Ахметжановқа ерекше назар аударылды, ол «Өскемен қаласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» медалімен марапатталды. Нурлан Габдулович станциядағы жұмысына 40 жылға жуық уақыт арнады. Ол оқуын аяқтаған соң мансабын турбиналық жабдықты зерттеуші машинист ретінде бастап, техникалық директор лауазымына дейін еңбек жолын жүріп өтті.

Осы жылдар ішінде Нурлан Ахметжанов бу турбиналарының машинисі, ауысым бастығы, режимдік-диспетчерлік қызмет инженері, станцияның кезекші инженері, қазандық және турбиналық цехтардың бастығы, эксплуатация жөніндегі директор – бас инженер сияқты әртүрлі жауапты қызметтер атқарған.

Нурлан Габдулович 140 ата бу құбырын ауыстыру жобасына белсенді қатысты. Оның басшылығымен азот оксидтерінің шығарындыларын азайтуға бағытталған №15 ст. ТПЕ-430А қазандық агрегатын қайта құру жүргізілді. Қазандық цехының жабдықтарына жаңа технологияларды енгізу экологиялық көрсеткіштерді едәуір жақсартуға және энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. «ТМД еңбек сіңірген энергетигі», «ҚЭҚ Құрметті энергетигі» салалық наградаларымен марапатталған.

Өскемен ЖЭО ұжымы Нұрлан Ғабдуллұлын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтайды және оған қала мен оның тұрғындарының игілігі үшін еңбек жолында толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейді.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz