
Спорт, команда және жеңіс!
Облыс орталығында және Бұқтырмада жағажай волейболынан турнир өтті. Оған Өскемен жылу электр орталығының командасы қатысып, жүлделі орындарды иеленді.
Турнирдің алғашқы аптасында 10 және 6 команда арасындағы екі ойында 3-орынға ие болды. Ал өткен демалыс күндері лайықты 1-орынды иеленді!
Осы жеңістердің артында өз ісіне адал, белсенді де жанкешті қызметкерлеріміз – электр цехының мамандары:
- Сапашов Бағлан;
- Жанмырза Әмірбеков.
Құрметті әріптестер, бұл біз үшін мақтаныш! Бұл жеңіс - тек спорттағы емес, ұжымдағы ауызбіршілік пен қайсарлықтың да айқын көрінісі. Өскемен ЖЭО - бұл сенімді энергия көзі ғана емес, сонымен қатар ұжымдық рух, жеңіске деген жігер мен салауатты өмір салтын насихаттайтын орта. Біздің қызметкерлердің спортқа деген құлшынысы өндіріс саласындағы жас буынға үлгі болары сөзсіз.