Өскемен Жылу электр орталығында «Донор күні» өтті
2025 жылдың 4 желтоқсанында Өскемен ЖЭО мекемесінде «Донор күні» өтті. Бұл маңызды әрі игі іс-шараға біздің қызметкерлер белсенді түрде қатысты.
Ұжым мүшелері жоғары жауапкершілік пен жанашырлық танытып, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге дайын екендерін көрсетті. Қан тапсыру - бұл өте жақсы әрі сауапты іс, өйткені ол көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Біз осындай игі іске үлес қосқан қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз, ал олардың қайырымдылығы мен адамгершілігі баршаға үлгі деп білеміз.