Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2024/05.06.2024/2.jpg

Өскемен ЖЭО-да балаларды қорғау күні атап өтілді

| Жаңалықтар

Әрбір ересек адам үшін балалық шақ жүректе ерекше орын алады, өйткені бұл уақыт қуаныш пен шынайы күлкіге толы. Жыл сайын 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі және баршамызға ересектердің балаларға қамқорлық жасап, көңіл бөлудің маңыздылығын еске салады.

Өскемен ЖЭО-да екі аптаға созылған балалардың онлайн таланттар байқауы өтті. Энергетиканың оң имиджін насихаттау, қоршаған ортаны қорғауға үгіттеу, өндірістегі қауіпсіздікті арттыру және отбасылық құндылықтарды сақтаудың маңызды тақырыптарын қозғау мақсатында 2024 жылғы 30 мамырда «Біз – энергетиканың болашағымыз!» байқауы өткізілді. Қазылар алқасы әртүрлі жас санаттарында қатысушылар ұсынған 50-ден астам конкурстық жұмыстарды қарастырды.

Суреттер санатында (0-6 жас) жеңімпаз атанғандар:

1-орын – Елжанқызы Айару;

2-орын – Кузнецова Елизавета;

3-орын – Сағдаш Алинұр.

Ал суреттер санатында (7-14 жас) жүлдегер атанғандар:

1-орын – Зауре Мағажанова;

2-орын – Амренова Айша;

3-орын – Шушенькова Таисия.

Сонымен қатар, қолөнер байқауында келесі қатысушылар жеңіске жетті:

1-орын – Цветинский Сергей;

2-орын – Кабышев Башир;

3-орын – Бауыржанқызы Ардана и Амангелды Аяла.

Таланттар номинациясында жүлдегер атанғандар:

1-орын – Литвинова Арина;

2-орын – Ержан Алинұр;

3-орын – Саятұлы Санжар мен Қайсар.

Байқаудың барлық қатысушылары ЖЭО бойынша экскурсияға және аниматорлардың қатысуымен мерекелік іс-шараға шақырылды. Байқаудың барлық қатысушылары мен жеңімпаздарын құттықтаймыз! Олардың жұмыстары қазылар алқасын өзіндік ерекшелігімен және талантымен қуантып қана қоймай, бәрімізді планетамызға және оның болашағына қамқорлық жасауға шабыттандырды.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz