Өскемен ЖЭО-да жас энергетиктері «ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» акциясына белсенді қатысуда
Өздеріңіз білетіндей, сәуірдің бастап Өскемен ЖЭО қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдау мақсатында күн сайын сенбілікке шығады.
Акцияның өзі бірнеше аптаға бөлінген. 6-13 сәуір аралығында – «Таза өлке» апталығы, 13-20 сәуір аралығында – «Киелі мекен», 20-27 сәуір аралығында – «Жасыл аймақ», 27 сәуірден 4 мамырға дейін – «Өнегелі ұрпақ», ал 4-11 мамыр аралығында – «Мөлдір бұлақ» апталықтары өтеді.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС Жас энергетиктері туған қала мен қоғамның экологиясына қатысты бастамашылық пен жауапкершілікті көрсетуді жалғастыруда. «Өнегелі ұрпақ» акциясын қолдау мақсатында 2024 жылғы 4 мамырда кәсіпорынның жастар бастамашыл тобы Шығыс Қазақстан облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Өскемен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ аумағында сенбілік өткізді. «Өнегелі ұрпақ» акциясы ардагерлер мен зейнеткерлер тұратын аулаларды абаттандыруға арналған.
- Өскемен ЖЭО жас энергетиктері өндірісте өздерінің кәсіби міндеттерін тиянақты орындап қана қоймай, өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға, қоғамдық және қайырымдылық жобаларды дамытуға бағытталған түрлі бастамалар мен акцияларды белсенді қолдайды, - деп өз пікірімен бөлісті ЖЭО бастамашыл тобының мүшесі, белсенді Марат Даутов.
Бұл іс-шара жастардың қайырымдылық шараларға белсенді қатысуға және зейнеткерлер мен ардагерлерге көмектесуге дайын екендігін тағы да көрсетеді. Өскемен ЖЭО қызметкерлері қоршаған ортаға ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды аспектісі болып табылатын адамдарға да қамқорлық жасайды. Өскемен ЖЭО энергетиктері мұндай бастамалар жалғасады және барлық жанашыр адамдарды осындай игі істерге шабыттандырады деп үміттенеді.