Өскемен ЖЭО мақтанышы: электромонтер Серік Мұқашев III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды.
2024 жылғы 4 қыркүйекте Астанада қазақстандық мұнайдың 125- жылдығына орай салтанатты рәсім өтті, оның барысында энергетика саласының көрнекті қызметкерлері марапатталды
Марапатталғандардың арасында «Өскемен ЖЭО» ЖШС электр цехының VI разрядты релелік қорғау және автоматиканы жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтері Серік Кәкенұлы Мұқашев бар. Мемлекет басшысының Жарлығымен көп жылдық және адал еңбегі үшін ол жоғары мемлекеттік награда – III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС Серік Мұқашевті лайықты марапатымен шын жүректен құттықтайды! Серік Кәкенұлы біздің кәсіпорында 35 жылдан бері еңбек етіп келеді. Оның жоғары кәсібилігі, адалдығы және жұмысқа деген жауапкершілігі компанияның барлық қызметкерлері үшін лайықты үлгі болып қала береді. Серік Кәкенұлының электр желілерінің тұрақты және қауіпсіз жұмысын қолдауға қосқан үлесі баға жетпес, бұл біздің ЖЭО-ның табысты қызметінде шешуші рөл атқарады.
Біздің қатарымызда Серік Мұқашев сияқты өз ісінің шеберлері жұмыс істейтінін мақтан тұтамыз. Оның энергетика саласын дамытуға және өндірістік процестерді жақсартуға қосқан үлесі жоғары бағалауға лайықты.
Серік Кәкенұлына алдағы уақытта да кәсіби жетістіктер, зор денсаулық және амандық тілейміз! Бұл марапат біздің компаниямыздың және бүкіл елдің игілігі үшін жаңа жетістіктер мен жемісті жұмысты жалғастыруға ынталандыру болады деген сенімдеміз.