Өскемен ЖЭО мақтанышы: Қайраттар отбасы - «Мерейлі отбасы» байқауының жүлдегерлері
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2026/07.09.26.jpg

Өскемен ЖЭО мақтанышы: Қайраттар отбасы - «Мерейлі отбасы» байқауының жүлдегерлері

| Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды. Биыл байқауға облыстың түкпір-түкпірінен 163 отбасы қатысып, үздіктер облыстық кезеңге жолдама алды. Өскемен қаласының атынан қатысқан Қайраттар отбасы байқаудың жүлдегерлері қатарынан көрініп, арнайы диплом және ақшалай сертификатпен марапатталды.

Отбасы отағасы - ҚКЖ компанияларының тобына кіретін “Өскемен ЖЭО” ЖШС қауіпсіздік қызметінің бас маманы. Ол жұбайымен бірге бес бала тәрбиелеп отыр. Қайраттар отбасы кәсіби еңбекті ұлттық тілге, мәдениетке, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерге деген құрметпен ұштастырып келеді.

Әріптесімізді және оның отбасын лайықты жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, балалардың қуанышы мен жаңа жетістіктер тілейміз. Шаңырақтарыңыз әрдайым шаттық пен бақытқа толы болсын!



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2026 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz