Үлкен жұмыс тізгінінде
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2026/08.04.26/08.04.26.jpg

Үлкен жұмыс тізгінінде

| Жаңалықтар

ЖЭО-да «жай жұмыс» деген жоқ, мұнда әрбір тапсырма дәлдікті талап етеді. Ал техника тізгінінде - үлкен процестің қозғалысына жауапты жандар отыр.

Александр Иванов - өндірісті дайындау цехының автотрактор техникасының жүргізушісі. Цехта жеңіл көліктен бастап ауыр жүк көліктеріне дейін 25 техника бар: экскаватор, тиегіш, трактор... Бұлардың бәрін басқару кез келгеннің қолынан келе бермейді.

Александр - 30 жылдан астам еңбек өтілі бар цехтағы ең тәжірибелі жүргізуші: «Сырт көзге бәрі оңай көрінуі мүмкін - отырдың да, кеттің. Бірақ іс жүзінде алаңды, адамдарды, техниканы және тапсырманы - бәрін бірдей ойда ұстау керек. Айналаңда не болып жатқанын үнемі қадағалап отыру маңызды».

Кезінде ол станцияға энергетик болып жұмыс істеген әжесіне келетін. Енді мұнда оның ұлы келіп,турбина цехында тәжірибеден өтуде. Станция өзгеруде, техника күрделеніп жатыр. Бірақ бір нәрсе өзгеріссіз қалады — мұнда жауапкершілік тізгінін бір сәтке де босатпайтын жандар еңбек етеді.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2026 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz