«Өскемен ЖЭО» ЖШС қызметкерлері Қазақстан Республикасы Экология министрінің Құрмет грамоталарымен марапатталды
ҚКЖ компаниялар тобына кіретін «Өскемен ЖЭО» ЖШС Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің қызметкерлері ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің Құрмет грамоталарымен марапатталды: Ольга Ельчинская, Досым Мухамедкаримов және Татьяна Кенес.
Бұл марапаттың маңыздылығы – кәсіпорын тарихында алғаш рет бірден үш қызметкердің осындай жоғары деңгейдегі ведомстволық наградаға ие болуында. Бұл олардың кәсіби біліктілігіне, көп жылғы адал еңбегіне және өңірдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесіне берілген жоғары баға!