Өскемен жылу электр орталығында жаңа энергия блогын салу жоспарлануда
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2025/08.10.25/08.10.25.jpg

Өскемен жылу электр орталығында жаңа энергия блогын салу жоспарлануда

| Жаңалықтар

Өскемен жылу электр орталығында (Өскемен ЖЭО) «№13 турбина агрегаты мен №16 қазан агрегатын салу арқылы станцияны кеңейту» жобасын іске асыру тақырыбына арналған стратегиялық кездесу өтті.

Бұл жоба Шығыс Қазақстан облысының энергетикалық инфрақұрылымын дамытудың негізгі кезеңдерінің бірі, бастама өңір мен қаланы сенімді жылумен қамтамасыз етуге бағытталған. Кездесуге Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов, «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС (ҚКЖ) бас директоры Сабырғали Идрисов, «Өскемен жылу электр орталығы» ЖШС бас директоры Данияр Нұғыманов, сондай-ақ Еуразиялық даму банкінің (ЕДБ) жобалар блогының басшысы, аға басқарушы директор Азамат Төлеубай бастаған делегация қатысты. Делегация құрамында сондай-ақ Евгений Краснов, Жанар Жақыпова және Самал Омарова болды.

Жиын барысында қатысушылар станцияның орнатылған қуатын арттыру және жұмысының тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инвестициялық жобаны қаржыландыру кезеңдері мен тетіктерін талқылады. ҚКЖ компаниялар тобына кіретін Өскемен ЖЭО басшылығы жаңа энергия блогының техникалық және экономикалық параметрлерін, сондай-ақ қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған шешімдерді таныстырды.

Жаңа қазан агрегаты мен турбина агрегаты жылу және электр энергиясын өндіру көлемін ұлғайтуға, отынның меншікті шығынын төмендетуге және өңірдің энергетикалық тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік береді.
Жоба заманауи технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады және саланың ең озық қолжетімді тәжірибелеріне сәйкес келеді. Облыс әкімі жаңа энергия блогының құрылысы Шығыс Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтіп, жобаны іске асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты жалғастыру ниеттерін растады. Бұл жоба өңірдің тұрақты дамуы мен энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосатыны атап өтілді.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2025 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz