ҚР Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Өскемен ЖЭО-ға келді
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2025/08.10.25-2.jpg

ҚР Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Өскемен ЖЭО-ға келді

| Жаңалықтар

8 қазан күні Өскемен жылу электр орталығына (Өскемен ЖЭО) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қанатбек Мәдібек жұмыс сапарымен келді. Сапардың мақсаты - жылыту маусымының өткізілу барысымен танысу.

Делегация құрамында ШҚО Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов, ҚР Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің ШҚО бойынша аумақтық департаментінің басшысы Советхан Қамшыбаев, сондай-ақ ТКШ бөлімінің басшысының орынбасары Рашид Шерубаев болды.

Сапар барысында қонақтар өндірістік нысандарды аралап, жабдықтардың жұмысын көрді және күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында жүзеге асырылған негізгі жобалармен танысты. Жылу жүйелерін жаңғырту және олардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Әкімшілік өкілдері атқарылған жұмыстардың жоғары деңгейін, дайындық шараларының ауқымдылығын және ұжымның жауапкершілікпен атқарған еңбегін атап өтті.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2025 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz