Өндірісті жетілдіру қарапайым идеядан басталады
Өндірістегі оң өзгерістер көбіне қызметкерлердің күнделікті жұмыс барысында ұсынған бастамаларынан бастау алады.
Бүгін Ordabasy Group құрамындағы «Қазақстан коммуналдық жүйелері» (ҚКЖ) компаниялар тобына кіретін Өскемен ЖЭО-да Кайдзен қозғалысын дамытуға белсенді үлес қосып жүрген мамандардың бірімен таныстырамыз.
Мұхтар Мадыбаев — өндірісті дайындау цехының технигі. Ол ұсынылған идеялар саны бойынша кәсіпорында екінші орын алады. Оның бастамалары жұмыс үдерістерін оңтайландыруға, өндірістік міндеттерді тиімді шешуге және еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған.
Кайдзен мәдениетінің негізі де осында: әр қызметкердің идеясы маңызды, ал үздіксіз жетілдіру - ортақ жетістікке бастайтын жол.