Нұрлан Таңқаев Өскемен ЖЭО-дағы 17-жылдық еңбек жолын аяқтады
2024 жылғы 7 қарашада Өскемен ЖЭО-да Нұрлан Кеңісқанұлы Таңқаевты әріптестері еңбек сіңірген демалысына шығарып салды, ол кәсіпорынға 17 жыл өмірін арнады.
2007 жылы Турбиналық цехта жағалаудағы сорғы станциясының жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь болып жұмыс істей отырып, ол өзін жауапты әрі кәсіби қызметкер ретінде көрсете білді.
Нұрлан Кеңісқанұлы еңбек еткен жылдар ішінде өзін ұжымның құрметіне лайық білікті маман ретінде көрсетті. Ол өзінің біліктілігін үнемі арттырып, өз міндеттерін толық қайсарлықпен және жауапкершілікпен орындады. Өскемен ЖЭО басшылығы мен ұжымының атынан Нұрлан Кеңісқанұлына жылы лебіздер айтылды.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры Данияр Нұғыманов кәсіпорынның табысты жұмысына қосқан елеулі үлесі үшін Нұрлан Таңкаевқа алғысын білдіріп, оған мықты денсаулық және отбасы аясындағы өмірінің келесі кезеңінде жаңа жетістіктер тіледі.
Әріптестері Нұрлан Таңқаевқа адал еңбегі үшін алғыстарын айтып, оның Өскемен ЖЭО кәсіпорнын дамытуға қосқан үлесін атап өтті және бақытты өмір мен барлық игіліктерді тіледі.