Ұрпақтар сабақтастығы: Өскемен ЖЭО қызметкерлері ардагерлерді 9 Мамыр мерекесімен құттықтады
Бүгін, 9 мамыр күні біз ұлы мереке - Жеңіс күнін атап өтеміз. Өскемен ЖЭО ұжымы үшін бұл күн тек еске алу күні ғана емес, сонымен қатар бізге бейбіт болашақ сыйлаған жандарға шексіз құрмет көрсету сәті болып табылады.
Кәсіпорын қызметкерлері ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барып, олардың төзімділігі мен көпжылдық еңбектері үшін алғыс білдірді. Кездесулер жылы шырайлы жағдайда өтті: станция өкілдері естелік сыйлықтар табыстап, әр ардагерге мықты денсаулық тіледі.
Осынау мерекелі күні біз келесі ардагерлерімізге ерекше алғыс айтамыз:
- Архипова Тамара Алексеевнаға
- Деменин Александр Васильевичке
- Елгашин Виктор Андреевичке
- Кривеншин Галина Владимировнаға
- Михайлова Мария Степановнаға
Сіздердің өмір жолдарыңыз - ерлік пен өз ісіне адалдықтың жарқын үлгісі. Сіздерге қамқорлық көрсету - станциямыздың корпоративтік мәдениетінің маңызды бөлігі және әрқайсымыздың перзенттік борышымыз.