ҚР Үкіметі Аппаратының мемлекеттік инспекторы Өскемен жылу электр орталығында болды
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
images/news/2025/09.06.25/09_06_25.jpg

ҚР Үкіметі Аппаратының мемлекеттік инспекторы Өскемен жылу электр орталығында болды

| Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Аппаратының мемлекеттік инспекторы Ернар Хасенов Өскемен жылу электр орталығына барып, оның жұмысымен танысты.

Бүгінде Өскемен ЖЭО-да 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жоспарланған жөндеу кестесіне сәйкес, негізгі және қосалқы жабдықтарға кешенді қызмет көрсету қолға алынған.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің техникалық директоры Нұрлан Ахметжанов мемлекеттік инспекторға өндірістік цехтарды көрсетті. Сапар барысында жөндеу науқанының барысы, техникалық жаңғырту жұмыстары мен еңбек ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Тараптар сонымен қатар энергия тиімділігін арттыру, жабдықтардың сенімділігін қамтамасыз ету және қысқы кезеңде тұрақты жылумен жабдықтауды ұйымдастыру мәселелеріне назар аударды.

Өскемен жылу электр орталығы — өңірдің энергетикалық инфрақұрылымындағы стратегиялық маңызы бар нысан. Жөндеу бағдарламасының уақтылы әрі сапалы жүзеге асырылуы алдағы жылыту маусымын табысты өткізуге негіз болады.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

© 1947-2025 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz