Экология балалар көзімен
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2026/09.06.26/09.06.26.jpg

Экология балалар көзімен

| Жаңалықтар

«Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС құрамына кіретін «Өскемен ЖЭО» ЖШС қоршаған ортаны қорғауға арналған балалар суреттері байқауын қолдады. Экология министрлігі ұйымдастырған «Таза табиғат – Аман болар адамзат» республикалық байқауының қатысушыларына арналған сыйлықтарды сатып алуға атсалысты.

Табиғатқа жанашырлық бала кезден қалыптасады. Осындай бастамалар экологиялық мәдениетті дамытуға, шығармашылық қабілеттерді шыңдауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. «Өскемен ЖЭО» ЖШС жеті жылдан бері байқау жеңімпаздарына арналған сыйлықтардың демеушісі болып келеді.

Экология тақырыбына қызығушылық танытып, жарқын жұмыстарын ұсынған және қаламыздың болашағына бейжай қарамаған барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз. Сіздерге жаңа жетістіктер, шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз!



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2026 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz