
Мәжіліс төрағасымен кездесу: Жастардың дамуы мен саясаттағы рөлі
2025 жылғы 8 шілдеде «Жастар рухы» республикалық жастар саяси лагері аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановпен кездесу өтті.
Іс-шараға сондай-ақ Қазақстан Республикасының министрлері мен Мәжіліс депутаттары қатысты. Кездесу еліміздің 20 облысынан 500-ге жуық белсенді жас қатысушылардың басын қосты. Мемлекеттік жастар саясатының өзекті мәселелері, елдің дамуындағы жастардың рөлі, сондай-ақ жұмысшы жастардың тұлғалық және кәсіби өсу мүмкіндіктері талқыланды.
Жұмысшы жастар көшбасшыларының қатарында Өскемен ЖЭО-ның еңбек қауіпсіздігі бойынша жетекші инженері, Инициативалық топтың жетекшісі Сырым Өмірзақов шақырылды.