
Өскемен ЖЭО қызметкері салалық марапатқа ие болды
2025 жылғы 9 шілдеде «Өскемен ЖЭО» ЖШС тарифтер жөніндегі бас маманы Ирина Киняпина табиғи монополиялар саласын және өңірдің энергетика саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды.
Ирина Станиславовна - тариф белгілеу саласындағы жоғары дәрежелі сарапшы. Оның кәсібилігінің және заңнаманы терең білуінің арқасында кәсіпорын тарифтік саясаттың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, реттеуші органдармен тиімді өзара іс-қимыл жасай алды.
Ирина Киняпина тариф белгілеу жөніндегі өңірлік комиссияның мүшесі болып табылады. Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер әзірлеуге қатысады. Үнемі біліктілікті арттырудан өтеді.
Ирина Станиславовна станцияда 17 жыл жұмыс істейді. Еңбек жолы 1981 жылы әртүрлі мамандықтар бойынша басталды, бірақ әрқашан экономикамен байланысты болды: орталық әмбебап дүкендегі сатушыдан бастап екі қалалық ЖЭО тарифтік тобының жетекшісіне дейін.
2002 жылы Ирина Киняпина Алматы Экономика және статистика институтын бітірді. Екі қыз тәрбиелеп, немерелері бар. Менің тәжірибем кірпіш қалағандай қалыптасты. Бұл бірден бірнеше дағдылардың синтезі - заңгерлік, экономикалық, салық заңнамасын білу. Маған өз жұмысым, станция ұжымы ұнайды», - дейді Ирина.
Ирина Киняпинаның марапаты - оның көп жылдық адал еңбегін мойындау. «Өскемен ЖЭО» ЖШС ұжымы Ирина Станиславовнаны құттықтап, табыс, күш-қуат және жаңа жетістіктер тілейді!