Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2024/09.07.2024/4.jpg

«Өскемен ЖЭО» ЖШС: инвестициялық бағдарламаны іске асырудың ашықтығы

| Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында инвестициялық бағдарламаға қоғамдық мониторинг жүргізу мақсатында Өскемен ЖЭО-ға қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар мен тұтынушылардан құралған жұмыс тобы келді. Аталған шара инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тікелей бақылауға, атқарылған жұмысты бағалауға мүмкіндік берді.

Мониторинг барысында жұмыс тобы жаңа күл үйіндісін салу, 140 ата негізгі бу құбырларын ауыстыру жобасы, сондай-ақ №8, №13 және №14  қазандық агрегаттарының күрделі жөндеу жұмыстарын өз көздерімен көріп қайтты. Бұл шаралар станция жұмысының тиімділігін арттыруға және аймағымызды жылумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Кәсіпорынның техникалық директоры Нұрлан Ахметжанов қатысушыларды негізгі жабдықтарды жөндеудің ағымдағы жай-күйі туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Ол қонақтарды тікелей цехтардағы жұмыс үрдісімен таныстырды. Нұрлан Ахметжанов барлық жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Жұмыс тобы атқарылған станция тарапынан атқарылған шараларды жоғары бағалап, осындай мониторинг жүргізудің маңыздылығын айтты. Олар инвестициялық бағдарламаларды орындау мәселелеріндегі ашықтық халық тарапынан сенімді нығайтуға және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал ететінін атап өтті.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz