Өскемен ЖЭО «DualEdu Forum» форумына қатысты
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2026/10.06.26/10.06.26.jpg

Өскемен ЖЭО «DualEdu Forum» форумына қатысты

| Жаңалықтар

2026 жылғы 9 маусымда «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС құрамына кіретін Өскемен ЖЭО басшылары «Инженерлік даярлықтағы дуалды білім беру: құзыреттіліктен индустриялық шешімдерге дейін» атты форумға қатысты».

Форум Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында өтті.

Бас директор Данияр Нұғыманов пен Корпоративтік оқыту орталығының жетекшісі Наталья Слабодчикова дуалды білім беруді дамыту мәселелерін талқылауға қатысты. Бұл, ең алдымен, кәсіпорындар мен оқу орындарының өзара іс-қимылын қамтиды. Өскемен ЖЭО өкілдері кәсіпорындағы дуалды оқыту тәжірибесімен бөлісіп, аймақтың жоғары оқу орындарымен алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

«ҚКЖ» басқарушы компаниясы қызметкерлерді оқытуға ерекше көңіл бөледі. 2023 жылдан бастап Өскемен ЖЭО-да «Жылу энергетикасы» және «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламалары бойынша Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ филиалы жұмыс істейді.

Мұндай іс-шараларға қатысу компанияның энергетика саласы үшін инженерлік кадрларды даярлауда білім беру ұйымдарымен серіктестікке бейілділігін тағы да дәлелдейді.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2026 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz