Өскемен жылу электр орталығы үш әлеуметтік мекемеге 45 тонна көмір жеткізді
Жылу беру маусымы қарсаңында «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобына кіретін Өскемен ЖЭО Өскемен қаласы мен оған іргелес аумақтағы әлеуметтік мекемелерге қайырымдылық көмек көрсетті.
Кәсіпорын үш мекеменің әрқайсысына 15 тоннадан көмір бөліп, оны өз күшімен жеткізді. Көмек Тарханка ауылындағы Ардагерлер үйіне, «Добрый Феникс» мекемесіне және «Луч Надежды» әлеуметтік бейімдеу орталығына көрсетілді.
Бұл мекемелерде ардагерлер, тыл еңбеккерлері, қарт адамдар, сондай-ақ тұрақты күтім мен қолдауды қажет ететін азаматтар тұрады. Сондықтан олар үшін жылу беру маусымына дайындық — жайлы әрі қауіпсіз тұрмыс жағдайын қамтамасыз етудің маңызды бөлігі.
Өскемен ЖЭО қызметкерлерінің Тарханка ауылына сапары ерекше жылы әсер қалдырды. Көмірді жеткізумен ғана шектелмеген кәсіпорын мамандары қарт адамдардың тұрып жатқанын көріп, көмірді түсіруге және оны көмір қоймасына орналастыруға өздері көмектесті.
Өскемен ЖЭО үшін мұндай қолдау - бір реттік бастама емес. Кәсіпорын әлеуметтік мекемелерге тұрақты түрде қайырымдылық көмек көрсетіп келеді. Бұл — жылу беру маусымына уақытылы дайындалып, ерекше қамқорлықты қажет ететін жандарға қолайлы жағдай жасау қаншалықты маңызды екенін түсінудің көрінісі.
Жылу - бұл біз өндіретін энергия ғана емес. Жылу - ерекше қамқорлыққа мұқтаж жандарға көрсете алатын қолдауымыз бен жанашырлығымыз.