Өскемен ЖЭО кәсіпорын ардагерлеріне қайырымдылық көмек көрсетті
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күні қарсаңында кәсіпорынның жас энергетиктері Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген тыл еңбеккерлерін мерекелерімен құттықтады.
Өкінішке орай, жыл сайын Ұлы Отан соғысына қатысушылар азайып келеді. Қазір Өскемен ЖЭО-да жұмыс істеген және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген тыл еңбеккерлері – 9 адам.
Азық-түлік пакеттері мен қаржылық көмек барлығына берілді. Жас энергетиктер ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне барынша көңіл бөлді: жеңіс пен бейбітшілік үшін алғыс білдірді, оларға зор денсаулық пен ұзақ өмір тіледі, әңгімелесті және естелік ретінде суретке түсті. Ал ардагерлер, өз кезегінде, өздерінің жауынгерлік медальдарын қуана-қуана көрсетіп, энергетиктердің жаңа буынына - табысты жұмыс пен бақытты отбасылық өмір тіледі!
- Барлық ардагерлердің атынан Жеңіс Күні қарсаңында бізге көрсеткен жылы құттықтауларыңыз бен назарларыңыз үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Сіздердің осындай қамқорлық пен ықыластарыңыз — бұл жағымды тосын сый ғана емес, сонымен қатар біз, ардагерлер, әрқашан Өскемен ЖЭО ұжымының бір бөлігі болып қала беретініміздің белгісі, - деді биыл 89 жасқа толған Виктор Андреевич Елгашин.
Ардагерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмасын!
Аспандары ашық, өмірлері тыныштық пен қуанышқа толы болсын, жақындары мен туыстары әрдайым жандарынан табылсын!