Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2024/10.05.2024/1_2.jpg

Өскемен ЖЭО қызметкерлері Өскемен қаласы әкімінен алғыс хат алды

| Жаңалықтар

2024 жылғы 7 мамырда Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Шығыс Қазақстан облысы орталығының коммуналдық қызметтерінің үздік қызметкерлеріне 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымының қорытындысы бойынша Алғыс хаттарды табыстады.

Сондай-ақ Өскемен ЖЭО энергетиктері де лайықты марапаттарға ие болды. Алғыс хаттармен Өскемен ЖЭО қызметкерлері Түсіпбеков Руслан Жомартұлы, Құсайынов Жандос Қайратұлы, Кушнарев Сергей Александрович марапатталды.

Түсіпбеков Руслан Жомартұлы - электр машиналарын жөндеу жөніндегі электр слесарі. Отын-көлік цехында еңбек жолын 2022 жылдың 1 наурызынан бастаған. Лауазымдық міндеттерін орындау процесінде қазандық цехына отынды үздіксіз беруді және түсіру кешенінің сенімді жұмысын қамтамасыз етеді. Жұмыстың алғашқы күндерінен бастап өзін сауатты, мұқият маман ретінде көрсете білді. Руслан Жомартұлы тәртіпті, бастамашыл, жауапты қызметкер, ұжымда әріптестерінің беделі мен құрметіне ие.

Құсайынов Жандос Қайратұлы – бу турбиналарының машинисі. Өскемен ЖЭО-дағы еңбек жолын 2015 жылғы 6 наурызда турбиналық цехтың турбиналық жабдығы бойынша машинист-шолушы лауазымынан бастады және өзінің кәсіби өсуін сол цехтың бу турбиналарының аға машинисіне дейін жалғастырды. Жандос Қайратұлы өзін өз ісінің маманы, адал қызметкер, сенімді жолдас және тәлімгер ретінде көрсетеді. Қысқа мерзім ішінде сабақтас мамандықтарды игеріп, өзінің кәсіби деңгейін үнемі арттырып отырады, күнделікті жұмысында өз білімі мен тәжірибесін табысты қолданады.

Кушнарев Сергей Александрович – қазандық жабдықтарының аға машинисі. Өскемен ЖЭО-дағы еңбек жолын 2012 жылғы 26 желтоқсанда қазандық цехының қазандық жабдығы бойынша машинист-шолушы лауазымынан бастады және өзінің кәсіби өсуін сол цехтың қазандық жабдығы бойынша аға машинистке дейін жалғастырды. Сергей Александрович қазандық жабдықтарын жаңғыртуға және прогрессивті технологияларды енгізуге белсенді қатысады. Өз білімін үнемі жетілдіріп отыратын адал, әділ қызметкер екенін дәлелдеді.

Облыс орталығының әкімі «Өскемен ЖЭО» ЖШС қызметкерлеріне табыс еткен алғыс хаттар олардың жоғары кәсібилігін, құзыреттілігін, жауапкершілігін айғақтайды және энергетиктердің кез келген күрделіліктегі өндірістік міндеттерді орындауға дайын екендігін дәлелдейді.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz