«Келісіп алайық» - үздік команда!
Қазақстанда алғаш рет түрлі тақырыптарды қамтитын интеллектуалды ойын-квиз өтті.
«Өскемен ЖЭО» намысын қорғаған Әлішер Әлімжанов, Әлібек Байсолтан, Әділет Әдімбеков және Әблақат Рауан төрт іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, Астанада өткен финалға жолдама алды.
Шешуші ойында біздің құрама астаналықтармен ұпай саны бойынша тең түсті. Алайда соңғы турдың нәтижесі бойынша қарсыластарымыз 3-орынды иеленсе, біздің ойыншылар «Үздік команда» номинациясымен марапатталды.
Бұл жетістікке мамандардың мықты эрудициясы, мемлекеттік тілді еркін меңгеруі және білімге деген құштарлығы себеп болды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 28 команда арасынан жоғары нәтиже көрсеткен әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!