Kұбырының учаскесін үрлеу
2024 жылғы 11 шілдеде сағат 18:00-ден 22:00-ге дейін Өскемен ЖЭО-да 140 ата жоғары қысымды бу құбырының монтаждалған учаскесін үрлеу жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл жұмыстар жабдықта жаңғырту жұмыстары жүргізілгеннен кейін жоспарлы және қажетті болып табылады. Жұмыс процесі өзіне тән қатты дыбыспен сүйемелденуі мүмкін.
Өскемен ЖЭО уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.