ЖЭО жұмысына не көмектеседі?
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2026/12.02.26/12.02.26.jpg

ЖЭО жұмысына не көмектеседі?

| Жаңалықтар

Біз «ЖЭО жұмысы туралы» айдарын жалғастырамыз.

Кәсіпорында негізгі жабдықтардан - қазандық және турбиналық агрегаттардан бөлек, көптеген қосалқы жүйелер жұмыс істейді. Олардың ішінде жағалаудағы сорғы станциясы мен багерлік сорғы станциясының маңызы зор. Осы қосалқы жүйелердің қалыпты жұмыс істеуіне электр станциясы мен кәсіпорындардың сенімді әрі үнемді қызметі тікелей байланысты.

Багерлік сорғы станциясы күл-қож пульпасын (қазандықтан шығатын судың, күл мен қождың қоспасы) күл үйіндісіне тасымалдау үшін күл құбырларына береді.

Багерлік сорғы станциясы ғимаратының ішінде сорғылар, құбырлар, құрылғылар мен аспаптар орналасқан. Сондай-ақ багерлік сорғы станциясына қайта пайдалану мақсатында күл үйіндісінен тазартылған (тұндырылған) суды беру қарастырылған. Станция ғимаратының ішінде жоғары абразивті гидроқоспаларды айдауға арналған словакиялық өндірістің сорғылары орнатылған: олар аксиалды кірісі бар орталықтан тепкіш, радиалды, көлденең, шиыршықты және бір сатылы болып табылады.

№1 және №2 багерлік сорғы станцияларының қабылдау сыйымдылықтарынан күл-қож пульпасы сорғылардың көмегімен сыйымдылығы 500 м³ болатын №3 багерлік сорғы станциясының қабылдау сыйымдылығына айдалады. Біздің бейнероликте Өскемен ЖЭО багерлік сорғы станциясының негізгі жабдықтары көрсетілген.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2026 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz