
Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай кәсіпорын энергетиктері Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген тыл еңбеккерлерін мерекелерімен құттықтады.
Өкінішке орай, Ұлы Жеңістің тірі куәгерлері жыл өткен сайын азайып келеді. Қазір Өскемен ЖЭО-да жұмыс істеген және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген тыл еңбеккерлері - 6 адам. Алғыс белгісі ретінде олардың әрқайсысына азық-түлік жиынтықтары мен материалдық көмек табысталды.
Энергетиктер бейбітшілік пен Жеңіс үшін алғыс айтып, зор денсаулық пен ұзақ өмір тіледі, естеліктерді қызығушылықпен тыңдады, естелікке суретке түсті. Ардагерлер өз оқиғаларымен бөлісіп, марапаттар көрсетіп, жас энергетиктерге өз ісінің шебері болу және отбасылық құндылықтарды сақтау туралы жылы лебіздерін білдірді.
Ардагерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмасын. Оларды қамқорлық, жақындарының махаббаты және жан тыныштығы қоршасын.