Волейбол энергетиктерді біріктірді!
Өскемен ЖЭО-да еңбек сіңірген энергетик Тоқтар Әділқанұлы Ақтайлақовтың 75 жылдық мерейтойына арналған волейбол турнирі өтті.
Биыл мерейтой иесі үшін ерекше жыл - оның 51 жылдық еңбек жолы Өскемен ЖЭО-мен тығыз байланысты. Жарты ғасырдан астам уақыт энергетика саласында еңбек ету - үлкен кәсіби жолдың, мол тәжірибенің және туған кәсіпорынға деген адалдықтың айқын көрінісі.
Турнирде жеңіс үшін алты команда бақ сынасты: Өскемен ГЭС, Өскемен ЖЭО, БЭСК, ҚТЖ, Согра ЖЭО және ҮМЗ.
Ойындар тартысты әрі жоғары командалық рухта өтті. Турнир қорытындысы бойынша I орынды «Өскемен ЖЭО» ЖШС командасы иеленді! Командамызды жеңісімен, ал Тоқтар Әділқанұлын 75 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз! Зор денсаулық, амандық, бақ-береке және ұзақ ғұмыр тілейміз.