Өскемен ЖЭО-да жылыту маусымына белсенді дайындық жүргізілуде
«Өскемен ЖЭО» ЖШС 2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымына белсенді дайындық жүргізуде.
Жылу орталықтарындағы жөндеу жұмыстары өткен жылыту маусымы аяқталысымен басталып, қазір белсенді фазада.
Ағымдағы жылы «Өскемен ЖЭО» ЖШС жөндеу науқанының жоспарланған шығындары шамамен 11 млрд теңгені құрайды, оның ішінде қайта құру мен жаңғыртуға - 7,8 млрд теңге және ағымдағы жөндеуге - 3,3 млрд теңге. Сондай-ақ, күрделі құрылысқа жоспарланған шығындар - 3,6 млрд теңге.
2024 жылғы жөндеу науқаны барысында бекітілген жөндеу кестесіне сәйкес 9 қазандық агрегаты жөнделеді, оның ішінде 2 - күрделі жөндеу, 4 - кеңейтілген ағымдағы жөндеу; 3 - ағымдағы жөндеу, 8 турбиналық агрегат, оның ішінде 1 - күрделі жөндеу және 7 - ағымдағы жөндеу.
Станция жабдықтарының тозу деңгейін төмендету үшін 2024 жылғы инвестициялық бағдарламаға «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы бойынша негізгі жабдықтың элементтерін, қыздыру беттерін және қазандық агрегаты шегіндегі жылытылмайтын құбырларды ауыстыру бойынша қосымша іс-шаралар енгізілгенін атап өту қажет.
Аталған іс-шаралар станциялық №№ 8,9,10,13 және 14 қазандық агрегаттарында іске асырылады. Іс-шараларды іске асыру үшін қажетті материалдар мен жабдықтар толық көлемде жеткізілді.
Бүгінгі таңда «Өскемен ЖЭО» ЖШС жоспарланған жөндеу жұмыстарының 45%-ын орындады. Атап айтқанда, №№7,11,12 қазандық агрегаттары, № № 8,9 турбиналық агрегаттар ағымдағы жөндеуден өтті, сондай-ақ №9 қазандық агрегаты күрделі жөндеуден өтті; №13 қазандық агрегатын және № 11 турбиналық агрегатты күрделі жөндеуден өтті, №8,14 қазандық агрегаттарын кеңейтілген ағымдағы жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, қосалқы жабдықтарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС жөндеу науқанын жүзеге асыруға 21 мердігер ұйым қатысуда. Жөндеу жұмыстарына тартылған қызметкерлердің жалпы саны 223 адамды құрайды. Негізгі жабдықтарды жөндеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС тұтынушыларды тұрақты және сенімді энергиямен қамтамасыз ету үшін жөндеу жұмыстарының барлық кешенін жүйелі негізде орындайды. Барлық жұмыстар сапалы және кестеге сәйкес орындалады, өйткені жылыту маусымында облыс орталығының тұтынушыларын жылумен сенімді қамтамасыз ету осыған байланысты.