Өскемен ЖЭО жылу және электр қуатын арттырады
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2026/13.02.26/13.02.26.jpg

Өскемен ЖЭО жылу және электр қуатын арттырады

| Жаңалықтар

Өскемен ЖЭО-да жаңа қазандық агрегаты мен турбинаны орнатуды көздейтін кеңейту жобасын іске асыру басталды. Жоба 2029 жылға дейін есептелген және станцияның жылу қуатын 130 Гкал/сағ дейін, ал электр қуатын 100 МВт-қа арттыруға мүмкіндік береді, бұл жылу қуатының тапшылығын төмендетуге және өңірді тұрақты энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған.

«Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобы энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, заманауи технологиялық шешімдерді енгізуге және өңірлердің экономикалық және экологиялық дамуын қолдауға бағытталған орнықты даму стратегиясын дәйекті түрде іске асыруда. Осы стратегия аясында «Өскемен ЖЭО» ЖШС- Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылатын ауқымды кеңейту жобасын іске асыру басталды.

Жобаны қаржыландыру Еуразиялық даму банкі халықаралық қаржы ұйымымен және «Еуразиялық банк» АҚ екінші деңгейдегі банкімен жасалған келісімдер шеңберінде қамтамасыз етіледі. Өскемен ЖЭО жаңғырту және кеңейту жобасын іске асыруға бағытталған 180 млн АҚШ доллары көлемінде ұзақ мерзімді кредиттік желілер ашу көзделген.

«Жаңа энергия блогының қосымша қуаттылығы 300-ден астам тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса отырып, 50-ге жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобы энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға және дамытуға инвестиция құяды. Айта кету керек, бұл Еуразиялық даму банкімен екінші бірлескен жоба, біз үшін бұл өзара сенімге және ұзақ мерзімді даму мақсаттарына негізделген серіктестіктің тұрақтылығын және стратегиялық сипатын растайды», - деп атап өтті «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС бас директоры Сабырғали Идрисов.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС жылу және электр энергиясының аралас өндірісін жүзеге асырады, сондай-ақ қала халқының қажеттілігінің 80%-дан астамын қамтамасыз ете отырып, облыс орталығын орталықтандырылған жылумен жабдықтаудың негізгі өндірушісі және өнім берушісі болып табылады.

Белсенді тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік саланы және өнеркәсіптік секторды дамыту аясында қала мен өңір жыл сайын жылу қуатының тапшылығына тап болады.

Жылу және электр энергиясына деген өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру мақсатында энергетикалық инфрақұрылымды дамыту — қала үшін басым міндеттердің бірі болып қала бермек. Осыған байланысты өңірдің энергия қуаттарын дамыту жоспары әзірленді, оның шеңберінде Өскемен ЖЭО-ны кеңейту көзделген. Өскемен ЖЭО» ЖШС мен ҚР Энергетика министрлігі арасында инвестициялық келісімнің жасалуы маңызды қадам болды. Бұл құжат жобаға ұлттық маңызы бар мәртебе берді.

«Энергетика — Еуразиялық даму банкінің басым салаларының бірі. Аталған жобаны жүзеге асыру Банктің «Қазақстан коммуналдық жүйелеірі» компаниялар тобына ұзақ мерзімді серіктестігінің жалғасы, сондай-ақ «Еуразиялық банк» серіктестігімен ауқымды жобаларды қаржыландырудың бастауы. Біз осы ынтымақтастық арқылы заманауи технологияларды енгізуге, электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға және бүкіл өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын жаңартуға үлес қосатынымызға қуаныштымыз», — ЕАДБ Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Даленов.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС үшін бұл қуаттылықты арттыру бағытындағы алғашқы тәжірибе емес. 2016 жылы кәсіпорында №12 жаңа турбиналық агрегатты іске қосу арқылы станцияны кеңейту жобасы табысты жүзеге асырылған болатын.

Жаңа энергия блогын жобалау кезінде қазандық агрегаты мен турбинаның сенімді әрі үнемді пайдаланылуын, сондай-ақ оларға тиімді техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін заманауи техникалық шешімдерді қолдану қарастырылған. Қазандық агрегаты қолданыстағы талаптар мен стандарттарға сай келетін заманауи экологиялық жабдықтармен жарақтандырылады. Шаңнан тазартудың жоғары деңгейі және азот пен күкірт шығарындыларын азайту Экологиялық кодекстің талаптарына және заманауи еуропалық стандарттарға сай.

Анықтама:

«Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобы – электр және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу нарықтарында жұмыс істейтін тігінен интеграцияланған холдинг. Компания 2008 жылы құрылған. «ҚКЖ» ЖШС қызметінің негізгі түрлері: электр энергиясын өндіру; жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын тасымалдау; жылу және электр энергиясын өткізу. Компания Қарағанды, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау сияқты еліміздің төрт облысында жұмыс істейді.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС – Шығыс Қазақстан облысындағы жылу және электр энергиясын өндіретін ең ірі кәсіпорын. 2017 жылдан бастап «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобының құрамына кіреді. Станцияның белгіленген жылу қуаты – 859,9 Гкал/сағ, электр қуаты – 372,5 МВт құрайды. Орнатылған жабдықтар: 75 т/сағ. - 500 т/сағ. дейін 9 қазандық агрегаты; Қуаты 4-тен 120 МВт дейінгі 8 турбоагрегат. Орнатылған жабдықтар: Өнімділігі сағатына 75 тоннадан 500 тоннаға дейінгі 9 қазандық агрегаты; қуаттылығы 4-тен 120 МВт-қа дейінгі 8 турбиналық агрегат.

Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) — Еуразия кеңістігінде инвестициялық қызметті жүзеге асыратын көпжақты даму банкі. ЕАДБ 20 жыл бойы қатысушы мемлекеттердің экономикалық байланыстарын нығайту мен кеңейтуге және олардың жан-жақты дамуына жәрдемдесіп келеді. 2025 жылғы желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша, ЕАДБ-ның жиынтық портфелінде жалпы инвестиция көлемі 19,6 млрд АҚШ долларын құрайтын 326 жоба бар. ЕАДБ портфеліндегі негізгі үлесті көлік инфрақұрылымы, цифрлық жүйелер, «жасыл» энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және машина жасау салаларындағы интеграциялық тиімділігі жоғары жобалар иеленеді. Банк өз қызметінде БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын және ESG принциптерін басшылыққа алады.

«Еуразиялық банк» АҚ — Қазақстанның әлеуметтік маңызы бар коммерциялық банкі, ол 2024 жылғы 26 желтоқсанда өзінің 30 жылдығын атап өтті. Активтерінің көлемі бойынша еліміздегі ең ірі он банктің қатарына кіреді, бөлшек банкинг нарығында жетекші орынға ие, сондай-ақ корпоративтік клиенттер мен ШОБ (шағын және орта бизнес) субъектілеріне қызметтердің кең спектрін ұсынады. Қазақстан Республикасының аумағында 19 өңірлік филиалы мен 119 есеп айырысу-кассалық бөлімшесі бар. Банк ERG тобының (минералды ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі) экожүйесіне жатады.

БАҚ өкілдеріне арналған байланыс: Смаилова Айгерім, +7 701 777 19 32

Еуразиялық даму банкінің баспасөз орталығы: +7 (727) 244 40 44, қос. 4774 және 2160, pressa@eabr.org



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2026 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz